Алматы қаласы,
Алатау ауданы №171 жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Демеубаева Шынар Асканбаевна
Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты еліміздің барлық оқу орындары қашықтықтан оқуға көшті.
Әрине бұл күтпеген жағдай еді! Қашықтан білім беруге көшу — індеттің таралуын азайтуға бағытталған шара екенін түсінікті еді. Басқа таңдау жоқ! Алғашында адамдардың бойында әсіресе осындай қиын кезеңде жаңа әрі белгісіз нәрсеге қорқыныш сезімнің болғанын жасыра алмаспыз. Оқушылар мен ата-аналар қауымың былай қойғанда таңсық форматтағы онлайн оқу әдісі «мүйізі қарағайдай» ұстаздың өзінің көңіліне үрей ұялатқаны рас.
Телеарна сабақтарына арқа сүйенерміз деген сеніміміз арта түскенімен, осы тұрғыда айта кетейін дегенім, алғашқы сабақтар жұртшылық арасында үлкен талқы туғызғанынан хабардармыз. Әріптестеріміздің пандемия тұсында экран алдында сабақ беруін өз басым үлкен ерлік санаймын. Осы орайда еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов осы жағдайдың егжей тегжейін басым көпшілікке түсіндіре отырып жеткізгенін білеміз.
«Көш жүре түзелер» демекші бүгінгі күні оқушылар да, ұстаздар да әжептеуір төселіп қалған сияқтымыз. «Көз – қорқақ, қол – батыр» деп халық бекер айтпағанын түсінгендейміз.
«Ауруын жасырған өледі» демекші онлайн жүйесіне көшу әлі де шешуін табатынына сенеміз. Көреген де, өте білімді еліміздің бас ұстазының жүрекжарды жанашырлығы осы қиын – қыстау кезеңде оң нәтижесін тапты емеспе! «Шешінген судан тайынбас» деп белді бекем буып, кірісіп кеткенімізді білмей қалғандаймыз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Қашықтан оқыту – ол белгілі бір қашықтықтан оқыту, демек оқытушы мен оқушы бір – бірінен кеңістікпен алшақталынған оқу үрдісінің барлығын ақпаратты технологиялардың, әсіресе интернет технологиясының дамуына байланысты қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы .