Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу- үлкен өзгеріс

Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу- үлкен өзгеріс

 Маңғыстау облысы
Жаңаөзен  қаласы
№18 орта мектептің  директордың әдістемелік
  жұмыс  жөніндегі орынбасары
Абиева  Нургуль Исагуловна

 

Жаңаөзен  қаласы  әкімдігінің «№18 орта мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі еліміздегі  төтенше жағдайға байланысты бүкіл елмен бірге  қашықтан  оқытуды  қолға алды.  Орта  білім беру саласында бұрын болып көрмеген жаңа оқыту жүйесіне көшу үшін үздіксіз дайындық жұмыстары  жүргізілді. Педагогикалық шеберлік орталықтарының тренерлері онлайн вебинарлар  жүргізу арқылы қашықтан оқытудың әдістерін  ұсынып ,әдістемелік көмектерін берді. Бұл  қашықтықтан  оқытудың ерекшеліктерін терең түсінуге көмектесті. «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары өздерінің эфирлік уақыты арқылы сабақтар өткізуде. Мұғалімдеріміз «Bilimland», «Daryn.online», «Mektep.edu.kz  платформаларын пайдаланып, сондай-ақ Zoom, TeIegram,WhatsApp желілері арқылы оқушылармен  кері байланыс  жүргізіп  отыр.

Қашықтықтан оқыту барысында  көптеген қиындықтар мен кемшіліктер туындады. Бұл кемшіліктерді  жеңу үшін  мектеп басшысы мен мұғалімдер  тарапынан  түрлі  іс-шаралар  ұйымдастырылды. Ата-аналарымен  тығыз байланыс орнатылды. Ата-ана баласының білімге деген, оқуға деген ынтасын  көрді. Балаларымен бірге  сабаққа қатысып ,балаларының ұстазынан “жарайсың”, “өте жақсы” деп бағалаған  кері байланысын көріп, балаларымен бірге  қуанды. Өз балаларының жақсы оқуына ата-аналар да ат салысып  отыр.

Бұрын жұмыс деп ,үй шаруасы деп баласына көңіл бөле алмайтын ата-аналар дың  карантин  уақытында  ұстазбен, балалары мен қарым – қатынасы күшейді.Ата-ана мен ұстаз арасында өте жақсы байланыс орнады. Үштік одақ, яғни: оқушы,ұстаз,ата-ана  арасында бірлескен жұмыс өте жақсы  атқарылып келеді.

Оқушылар  жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана бастады. Компьютерлік техникамен жақсы жұмыс  және электрондық жаңа оқыту әдістерін іздену пайда болды.

Қашықтықтан оқыту — оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырды. Осы қашықтықтан оқытудың  жақсы жемістерінің бірі- оқушының  өз  бетімен ізденуіне, өз бетімен  білім алуына әсер етті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.