Әлемді жайлаған індет бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі аймақтардың карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың шегерілуі — барлығы күтпеген жаңалық еді. Ал ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтан оқуға көшуі.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуда.
«Бүгінгі күні осындай қиын сәтте мұғалімдер қандай жұмыс атқарып жатыр?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. Қасіретті аурудың таралуына тосқауыл болу үшін үйде отырып, оқытуды бастап кеттік. Мұғалімдердің негізгі міндетті білім алушының өз бетінше жұмысын басқару болып табылады. Өз шәкіртіне сапалы, нәтижелі білім беруде біздің мектебіміздің мұғалімдері аянбай тер төгуде. Үйде отырып өз ісінің майталманы болуда. Әрбір мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануда.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа түрі – қашықтан оқыту. Қашықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында ғаламтордың көмегімен өтетін оқытудың формасы. Ғаламтор желісінің көмегімен жүргізіледі. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың маңызды кезеңі виртуалдық өзара іс-қимыл.
Қашықтан оқытудың екі компоненті бар. Олар оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қашықтан оқытуды негізі екі бөлікке бөлуге болады. Техникалық және дидактикалық. Оның құралы – аудио және бейнежазбалар. Чат сабақтарда мұғалім мен оқушы жазбаша түрде қарым — қатынаста болады. Оқушының бойында ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, өз бетімен жұмыс істей білу, телекоммуникациялық құралдармен жұмыс дағдысы болуы керек.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- оқытуды даралау;
- оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
Теледидар арқылы сабақ өткізу жаңа формат. Мұғалімдер пәндер бойынша сабақтарды күнделікті беріп отырады. Оны оқушы көріп, тапсырмаларын орындайды. Жүйеде сабақ кестесі, білім ресурстары, бағаларды білуге болады. Ата- анаға берген логинмен оқушы бұл порталға тіркеледі. Оқушы кабинетінде жұмыс жасап, өздігінен білім алады. Біздің оқушыларымыз қашықтан оқуға қызыға кірісті. Ата-аналар болса, электронды форматтағы мектеп күнделігін бақылап отыр. Оқушылар сонымен бірге мектеп аралық, аудан аралық онлайн байқауларға қатысуда.
Әрине, басында бұл жаңа жүйені үйрену қиындық туғызғаны рас. Кез – келген нәрсенің кемшілігі болатыны сияқты кейбір оқушының үйінде жақсы техникалық, бағдарламалық құралдар болмайды. Сонымен бірге байланысқа дұрыс шыға алмай жатады.
Оқушылардың көпшілігі өз бетінше оқуға икемделмеген болуы мүмкін. Дегенмен уақыт пен заманның талабы жаңа технологияны меңгеру болғандықтан алға қарай қадам жасау маңызды. Сондықтан осы тұста білім беру саласына жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр. Алайда осындай сын сағатта оқушыларға сапалы білім беру – маңызды міндет. Біз мұғалімдер заман талабын орындауға қашанда әзірміз. Біз халықпен біргеміз!
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№ 14 жалпы білім беру орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі
Бекмағанбетова Гүлмира