Home » Мақалалар » «Жаңа жылым,жаңа жырым!»

«Жаңа жылым,жаңа жырым!»

Тұрғанбаева Айнұр Дәулеткелдіқызы
«№164 бөбекжай балабақшасы»
МКҚК
 Алматы қаласы,
Алатау ауданы

 (4-бала ортаға музыкамен шығады,Шыңғыс,Сабина,Жаннұр,Медина қалған достарын ортаға музыкамен шақырады)

Би : Вход

Фан-фар

1-Тәрбиеші            Армысың, аманбысың Жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
жаңа жылым келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын

2-Тәрбиеші; Құрметті біздің  ата-аналар,балапандар, қонақтар бүгінгі шыршамызға қош келдіңіздер! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!  Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық.

1-2-Тәрбиеші:  Қош келдіңіздер!

1-тәрбиеші: балаларымыздың жаңа жылға арналған өлең жырларын қабыл алыңыздар!  

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Алихан

Бізге құтты жыл болсын !

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда,жаңа жыр.

Құтты болсын айтамыз!

Жанболат

Баршамызға жаңа жыл 

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Бекасыл

Көз тоймайды қараса

Той мереке салтанат

Думандатты шартарап,

Келді міне,Жаңа жыл

Айша

Тартуларын арқалап 

Хор : «Жаңа жыл»

(Балалар орындарына отырады)

(боран музыка ойнап тұрады, сырттан түлкі,қоян кіріп келеді)

Қоян:Біз орманнан жалмауыз кемпірден қашып келе жатыр едік, өте қатты жаурадық, сендердің дауыстарыңды естіп осында кіріп келдік. Біз сендермен жаңа жылды қарсы алсақ

1-Тәрбиеші:  Жақсы, бізгеде сіздердей достар керек, бірге өткізейік.  Қоян, түлкі сендерге біздің жаңа жылдық тақпақтарын қарсы алыңдар.

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
А.Айзере
Бізге қарай жылыстап

Қандай әсем шыршамыз

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап

Аружан

Аяз ата келіп тұр

Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Папамызды, мамамызды

Көркем

Қонақтарды бәрінде.

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Б.Амина

Бізге құтты жыл болсын.

Сақалы аппақ күмістей.

Тістері аппақ күріштей.

Нұр жайнаған ажары,

Аяла

Сағындым Аяз Атаны.

Келді міне, жаңа жыл

Көріп алайық бәріміз.

Күліп, ойнап, би билеп

Бекнар

Ән салайық бәріміз.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған

Келді сұлу шыршамыз,

Ақерке

Көптен күтіп сағынған.

Мыстан (Мыстан музыкамен кіріп келеді)  ха-ха Ха-ха сендер неге уылдап-шуылдап жатсыңдар? Жаңа жыл тойлап жатсыңдарма? мында не болып жатыр мен түлкі мен қоянды іздеп жүрмін. Олардың иісі осы жерден шығатын сияқты.  (Ойын)

Тәрбиеші: Мыстан сен оларды іздеме, оданша бізбен бірге жаңа жылды қарсы ал. Саған біздің балаларымыздың өлең жырлары ұнайды деген үміттеміз.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Нұрали

Келеді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Нұрбек

Аппақ біздің атамыз.

Аппақ, аппақ ақша қар,
Жапты біздің көшені.

Сабина
Ақ жамылды бақшалар,

Біздереккен кешегі.

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата — әже, ата — әже,

Жаннұр

Құтты болсын жаңа жыл.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Ақмарал
Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз.
Жаңажылда бақыт қандай, нұр қандай!

Барәлемге салтанатын құрғандай.

Шыңғыс

Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,

Жаңа жылда бір тілек те туғандай.

 

2-Тәрбиеші: Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Бізге арналған сыйлықтарыда бар екен.

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
( музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.)
Аяз ата:Амансыңдар ма ұлдарым!

Есенсіңдер ме қыздарым!

Қандай көркем қырларың,

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алыстық,

Асау желмен жарыстық!

Шыршамызға асығып

Өздеріңмен табыстық!

Жаңа жылдарың өқтты болсын балапандарым!

Ақшақар:сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Аяз аталарың сендердің ән жырларыңды сағынып келіп отыр, ендеше көп күтірмей бізге деген өнерлеріңді көрсетіңдерші,қанекей! 

Тақпақ:      Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы

Медина

Жаңа дәстүр көбейсін.

С новым годом поздравляем

Мы под елочкой друзей

Дмитрий

Самый лучщий и красивый

Этот праздник для детей

Қандай әсем шартарап!

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап,

Данеля

Аязата келіп тұр.

Жаңа жылда, достарым

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан,

М.Амина

Мықты болу өзіңнен.

Келді жылым-бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған, Жаңа жыл,

Б.Айсұлтан

Жаңа бақыт, жаңа жыр!

Әкелді жыл ырыс-құт,

Елімде той тыныштық.

Арсен

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылым тамаша.

 

 

2-Тәрбиеші! Балалар біздің Аяз атаның дорбасындағы сыйлығын ашып көрейік

( осы кезде дорбаның ішінен клоун шығады)

Клоун:   ойын

Би: «Ақщақарлар » биі

1-Тәрбиеші: Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын! Балалар ескі жылымыз доңыз жылын шығарып салып, биылғы кіріп келе жатқан жаңа жылымыз «Тышқан»  жылымызды ортаға шақырайық

 ( ескі жылын шығарып салу)

Доңыз бен тышқан кіреді

Ән: «Аяз ата» қабыл алыңыздар

Ән: Әбілқайыр Аружын

Би: «Дед Мороз»

Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

т.Айзере

Шырқап ән айтамыз.

Атамызбен бірге ойнап

Жаңа жылды бірге тойлап.

Би биледік, ән салдық

Дария

Жаңа жылды қарсы алдық

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

С.Айсұлтан

Сағындым аяз атаны

 

Әкелді жыл ырыс-құт

Елімде той тыныштық

Жарқын өмір жаңаша

Аятәлі

Жаңа жылым тамаша

 

   Ән: «Ағылшынша

Ойын «Паравозик» Аяз атамен»

Би: «Микки Маус»

Ән. Алихан

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2020-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.