Манғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№11 жалпы білім беру орта мектебінің
Физика пәні мұғалімі Багтыбаева Жанна Рахымбердыевна
Ұстаз деген ұлы тұлға екенін осы кезең тағы бір рет дәлелдеді. Себебі бүгінгі таңда білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгеріс бар дәстүрлі түрде қалыптасқан оқыту түрінен қашықтықтан оқыту түріне ауысуы. Бұл қазақ елінде болып жатқан тарихи кезең деп те айтуға болады себебі бұндай жағдай бұрын — соңды жалпы білім беретін ордаларда болған жоқ. Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасын интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі жағдайға байланысты қабылданған дұрыс шешім болғаны дәлелдеусіз аксиома болды. Әлемді шарпыған індет сағат сайын өршігіп, індет тез тарап адам өміріне қауіп төндіріп отыр. Алғашында ұстаздардың бойында қорқыныш, үрей болды бұл жүйе арқылы оқушыға қалай білім береміз? Қалай оқытамыз? Бала, ата – анамен қалай байланыс жасаймыз деген. Алайда «көз қорқақ — қол батыр» екен өзіне жүктелген міндетті бәрінен де жоғары қоятын ұстаздар қашықтықтан оқыту жүйесін дұрыс ұйымдастырып, жоспарлы түрде өз сабақтарын уақытында өтіп, оқушы, ата-анамен байланыстарын үзбей хәл жағдайларын біліп отыр. Кез келген нәрсенің екі жағы бар пайдалы және зиянды. Қашықтықтан білім беру кейбір оқушылар үшін пайдалы болып тұр себебі көпшілік ортада өз пікірін, ойын, білгенін жеткізе алмайтын оқушылар интернет желілері арқылы мұғалімдермен кері байланысқа шығып берілген тапсырмаларды орындап жатыр. Қашықтықтан оқыту жүйесі бейне сабақтар қазақ тілінде «Balapan», орыс тілінде «El arna» телеарналар арқылы жүргізілсе, «Daryn.online», «Bilim.land» т.б. платформалары арқылы оқушылар видео карап, тапсырмаларын орындайды. Мұғалімдермен кері байланысты «Кundelik.kz», «Мektep.edu.kz», «Telegram, «Whatsapp» желілерін пайдаланып білімдерін одан әрі жетілдіруде.
Тарихы тереңде жатқан қазақ елі бұған дейін де талай сындарлы жылдарды басынан өткізгені белгілі сол сынақтардан сынбай, мойымай өтті қазақ елі. Бұл уақытша сынақтан да өтіп үйреншікті, қалыпты өмірге ораламыз.
Қорыта айтқанда: Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың «Тәртіпке бағынған құл болмайды» — деген сөзі дәл осы уақытқа айтылған сияқты, денсаулық сақтау қызметкерлері айтып жатқан ескертпелерді орындасап, тәртіпке бағынып, жауапкершілікпен қарайтын болсақ шуақты да бақытты күндеріміз алда екені шүбәсіз!
«Біз үйдеміз» «Біз біргеміз»