Алтанова Алмагүл Бисенғалиқызы
№8 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2020 жылдың 2 сәуірі күні республикалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс «Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады ?» тақырыбында болды. Ата-аналарға Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қашықтықтан оқыту телеарналар арқылы, интернет платформалары, WatsAppмессенджерлері арқылы жүзеге асатындығы айтылды. Оқушылардың қашықтан оқыту кезінде әрбір ата-ананың өз баласына жағдай жасау керектігі, қолдау көрсету керектігі сөз болды.
Карантин режимінде өрт қауіпсіздігі мен балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелері туралы жадынама WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы барлық ата-аналар чаттарына, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілер сынып сағаттарында қауіпсіздік шараларын оқушыларға WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы түсіндірілді.
Ата-аналардан пандемия кезіндегі онлайн\қашықтықтан оқытуды қабылдау анонимді сауалнамасы жүргізілді. Сонымен бірге балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалалық онлайн байқауларын өткізу жолға қойылды. «Супер әке мен бала» атты әкелер мен балаларға арналған шебер қолдар қалалық конкурсы ұйымдастырылып, конкурсқа ата-аналар белсенді түрде қатысуда. 2-3-сынып оқушыларына арналған мектепішілік «Ата-анам және мен» тақырыбында үйде спорттық сайыстар ұйымдастыру (тоғызқұмалақ,бес тас, шахмат т.б), 4-5-сынып оқушыларымен «Ас-адамның арқауы» тақырыбында жеңіл тағамдар дайындау немесе ата-анасымен еркін тақырыпта сурет салу, 6-7-сыныптың қыз балаларына «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында кесте тігу, ер балаларға қолөнер бұйымдарын жасау (қамшы өру, ер жасау т.б), 8-9-сынып оқушылары мен ата-аналарына «Таным таң қалудан басталады» тақырыбында әңгімелесу, 10-11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу ұйымдастырылды. Мектеп психологі тарапынан балалардың таным процестерін дамыту мақсатында оқушыларға «Нейропсихологиялық жаттығулар» түрлерін онлайн түрде ата-анасымен бірге жасау ұсынылды. Ата-аналарға балаларын жаңа қырынан танып, туындайтын мәселелердің алдын алуда үлкен көмек болатын «Журналист» ойынын бірге ойнауға кеңес берілді. Балаларымен бірге ойнап, олар туралы жаңа ақпараттар алғаны, ойынның эмоцияларына оң әсерін бергендігі жайында кері байланыс орнату да ұйымдастырылды. 9-11-сынып оқушылары мен ата-аналарына «Кәсіптік бағдар беру» мақсатында балаға көмектесу үшін видеоролик жіберілді. Қашықтықтан оқытуда ата-аналардың балалармен қарым-қатынасын жақсарту үшін «Бір минут» техникасы видеоролик түрінде ұсынылды.Төтенше жағдай басталғаннан пандемияның алдын алу мақсатында оқушылардың үйден шықпауын тексеру бағытында рейд кестесі жасақталып,ұйымдастырылды.