Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№12 жалпы білім беру орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Дуйсенов Шора Бейсенбаевич
Президентіміз Қазақстанның даму жоспарларының бірінде білім мен ғылымға аса мән берілуін атап өтті. Ғылымның жағдайы мен білім деңгейіне тікелей байланысты. Егер білім беру жүйесін оның алғашқы сатысынан бастап дамытпасақ, елеулі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл үдерісте білім және ғылымды берудің озық технологиялар салалық технологиялармен жетілдіру жайлы Елбасымыз өз сөзінде келтірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ — атты жолдауында Елбасымыз бастаған жолды айқындап Білім беру жүйесін заман талабына сай ету жайлы сөз қозғап , білім берудің жаңа және тиімді тәсілдермен өтуін атап өтті.
Қазіргі кезде Бүкіл жаһандық елдер пандемиялық ауруды бастан өткеріп жатқан кезде, Елімізде орын алып жатқан өтпелі аурудың ұлт мүддесі үшін, халықтың амандығымен тыныштығын ойлап Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев маңызды шешімдердің бірін қабылдады. Президентіміз мұндай қиын қыстау кезде білім беру мекемелер ЖОО – дар , мектеп және лицей-гимназиялар мен басқада білім беру ошақтарын қашықтықтан оқыту керектігін айттып Білім ғылым министріне міндеттеп жүктеді.
Қашықтықтан оқыту—қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі.
Аталған технологияның ішінде мектеп оқушылармен студенттерге тиімді бағдарламаларды қолдануды ұсынды. Мұғалімдермен оқушылар үшін
– «Kundelik.kz», “Zoom”, «Daryn.online», Қазақстандық бағдарламаның бірі «BilimLand» ұлттық цифрлық білім беру платформасын ұсынылды. Вебинарлар мен Чат–сабақтары Zoom- бағдарламасы арқылы өтуі Ұстазбен шәкірт арасында байланысты қандай жағдай болсада өзгертпейтінін көрсетті.
Қашықтықтан оқыту технологиясының негізгі тиімділіктері:
— Қашықтықтан өту үшін заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдана білу және қолдану. — Интерактивті әрекеттесу формалары
— Сапалы білім алу
— Уақытты үнемдеу
— Ыңғайлы уақытта оқу
— Территориялық шектеулер жоқ
— Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Мұғалім мен оқушының байланысы аталған цифрлық технологиялар арасында байланыс жүргізіледі. Одан басқа 1- ші және 11- ші сынып аралықтарында Теле бағдарламалық сабақтардың өткізілуі, оларға үй жұмыстармен тақырыптардың түсіндірілуі біз мұғалімдер үшін тиімді жол , әрі бір көмек.
Жоғарыда аталған қашықтықтан оқыту тиімділіктері қазіргі кезде еліміз бастан өткеріп жатқан сын сағаттағы тиміді әрі оңтайлы шешімдердің бірі деп ойлаймын.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушының білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды даярлауға, үздіксіз білім жүйесі тоқтап қалмас үшін бізге осы технологияларды игеріп қолдануымыз қажет болады.
Қорыта келе қазіргі таңда қойылатын талапка сай жаңа технологиялар — берілетін білім деңгейінің кеңейтілуінің және оқушылардың білім дәрежесінің артуын заман ағымы талап етіп отыр. Ғылымның біліммен ұштасқан кез. Әсіресе осы кезде қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру жолының мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде Ұстазбен оқушы жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеріп саралап отырады. Ұстазбен оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді дами түседі . Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды. Болып жатқан жағдайға байланысты әрі заман ағымынан қалмай әлемнің озық технологиялары үйреніп игеруіміз қажет.