Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы,
Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
Конисбаева Валя Ишановна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес,қашықтықтан оқыту шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасау бүгінгі күннің талабы.Осыған орай оқу бағдарламаларын орындау оқушыларды оқу жүктемесінің көлемі отырып оқытуды жалғастырып келеміз.Көрсетілген барлық ережелерді қолдануда жұмысты тиімді ұйымдастыру мұғалімнің қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыра білуі деп ойлаймын.Осы бағытта мұғаліммен бірге балаларға қолдау көрсететін тұлға -ата-ана.Ата -аналармен байланыс желілер арқылы байланыс жасп тұрамын.Негізгі тақырыбымыз балалардың өзіндік жұмыстарды орындаудағы жеке қабілеттерін ескеру.Осы бағытта жұмыстарымыз нәтижелі деп айтуға болады.Оған мысал оқушыларымның қашықтықтан байқауларға қатысып жүлделі орындар алып отырғандығы.МысалыОқушым Пухарбай Айдар Дара Бала республикалық журналы ұйымдастырған байқауға қатысып 1 дәрежелі диплом алды.Сарасарқыты байқауына қатысты.Әлде де осындай байқауларға қатысып отырғаг оқушыларым бар.Қалалық білім бөлімі ұйымдастыған»дәмді тамақтар дайындау» Ертегі кейіпкерлері» Менің оқыған кітаптарым»Супер Әке мен бала байқауларына көптеген оқушыларым қатысты.Карантин ережелерін сақтай отырып елімізде алғаш рет болып отырған қашықтықтан оқыту формаларын да үйрену үстіндеміз.