Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы
№17 жалпы білім беру орта мектебі
Химия пәні мұғалімі Айтжанова Клара Нұрымқызы
Бүкіл әлемді дүрліктірген жұқпалы аурудың жедел таралуы негізінде төтенше жағдай енгізіліп, төртінші тоқсанның сабағы қашықтықтан өтетін болды. Қашықтықтан оқытуға көшу бізге үлкен сынақ болды. Алғаш естігенімізде аздап абдырап қалғанымыз рас. Мектеп ұжымы ақылдаса отырып әртүрлі платформалар мен онлайн жүйеде байланыс жасауға болатын ыңғайлы сервистердің жұмыстарын зерделей келе zoom сервисін қолдануды жөн көрдік. Алайда ол сервистің тегін топтамасының шектеулері және көптеген адамдардың осы сервисті қолдануынан жұмыс істеу барысында қиындықтар туындады. Сондықтан ол жүйені қолданудан бас тартуға тура келді. Сол бағдарламалардың бірегейі daryn onlain қолжетімді болды,тиімділігі оқушылар бейнесабақты көріп, тапсырмаларды орындап ұпай жинауына болады.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда таптырмас бағдарлама деп ойлаймын.Сонымен қатар watsaapp оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де ең қолайлысы. Watsaapp арқылы әрбір оқушының тапсырмасын тексеріп, кері байланыс жасау жылдам, әрі ыңғайлы. Егерде You Tube каналында сабағымыздың бейнебаяны болмаған жағдайда bilim land сайтын қолданамын. Бұл бағдарламаның рейтингі жоғары. Бейнесабақтарын, тапсырмаларын жүктеп алып үнемі оқушыларға құрал ретінде пайдаланамын. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
заман талабына сай ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
сапалы білім алу;
уақытты үнемдеу;
ыңғайлы уақытта оқу;
мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жүзеге асады.;
оқу матеиалдарын меңгеру барысында оқушының өзін -өзі көрсетуі үшін қолайлы жағдайлар туындайды.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі зор.Ол әрбір сабағының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесінің ережелеріне қарай бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, оқушыға тапсырмаларды орындау барысында ұсыныстар береді.Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыруы қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясы- оқушыларды дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдету бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.