Махатова Акбопе Турсынкожаева,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай —балабақшасы»
меңгерушісі
Балабақшадағы бір күн
Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің ошағы болса, тәрбиеші – алдындағы әр баланың ертеңгі өміріне жауапты жан. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Әр отбасында әр түрлі тәлім –тәрбие алған балаларын ата-анасы балабақша әкеліп тапсырады. Сол сәттен ананың орнына ана бола білетін ол-балабақша тәрбиешісі…
Әрбір кішкентай ғана бүлдіршіннің өмірге аяқ басқан сәтінен көңілінің кілтін тауып тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Болашағы қаланатын алғашқы кезең де осы шақтан басталады. Баланың болашаққа қадам басуына, жан-жағымен, қоршаған ортасымен танысып, ең бірінші білім, тәрбиемен сусындайтын орны да – осы балабақша. Ал балаға беретін тәлім – тәрбиенің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға байланысты. Білім ордасында аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін мамандық иелері жұмыс атқарады.
Сондықтан тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүруі керек. Баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеміз. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Үнемі отбасымен бірлесе жұмыс жасап екі жақты тәрбиені ұштастыра жақсы жолға қоюға жұмыс жасап келеміз..
Әріптестермен іс-тәжірибе алмасып отыру, атқарылған жұмыстармен бөлісу, үйретуші, үйренуші болу бағыттаушылардың пікірімен кемшіл тұстарымызды түзету көппен бірлесе жұмыс жасау дұрыс оқыту формасы деп білемін. Үнемі ашықтықпен ізденісте болған педагогикалық ұжымның өздеріне деген сенімділіктері де артады. Сәуір айының соңында Алатау ауданы білім бөлімінің бас маманы Зеитова Мәншук Сапиевна, Алатау ауданындағы мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері, педагогтарының басын қосқан семинар сөзімнің дәлелі.
«Балабақшадағы бір күн» деп аталған басқосудың мақсаты еш бояусыз балабақшадағы күнделікті бір күнгі жұмыс жоспармен бөлісу. Залда арнайы қойылған ЛД экран арқылы балалардың бір күні көрсетілді. Балалардың еркіндігі мен педагогтың шығармашылық ізденісін әріптестермен бөлісуде семинардың мақсаты еді. Тәжірибелі педагогтар Аширова Зауре Жайлаубаевна , Ермаханбет Гүлхан Мырзахметқызы «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен «Судың қасиеті» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін көрсетті. Судың қасиетін түрлі тәжірибе жасау арқылы, Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін сахналау арқылы жан жақты аша білді. Логопед маман Қалыбаева Динара Рахматтулаевна келген қонақтармен тренинг өткізді. Семинар соңында сөз алған әріптестер «Ибосик» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі Ермекова Розыгуль Байжановна өз немересі келетін білім ордасының тәрбиешілеріне шынайы алғысын білдірді. Немересінің тәтті тілімен үнемі мақтайтын апайларына деген ыстық ықыласын жеткізгені еңбегіміздің ақталғаны деп білеміз.
40 жылдық еңбек өтілі бар әріптесіміз «АЗЯ» жекеменшік балабақшасы меңгерушісінің «үйренерім көп болды» деп іс тәжірибесімен бөліскен әріптестеріне жеткізген алғысы бұл күнгі мақсатымыздың орындалғаны.
Білім бөлімінің бас мамасы Зеитова Мәншук Сапиевна бірлескен жұмыстардың балабақша деңгейінің көтерілуіне қосар үлесі басым екенін және алдағы күні де семинарлардың жалғаса беретінін жеткізді. Бірлесе жұмыс жасай білгенде ғана нәтижеге жетеміз. Мейірімділік танытып, баланы еркіндікпен тәрбиелеп, ата анамен бірлесе жұмыс жасауды жандандыру керек деді. Семинар қатысушыларын жақсы пікірлермен, өз ойларын ғаламтор желілерінде бөлісуге шақырды. Педагогикалық ұжымға оң бағасын берді. Семинардың мақсаты қатысушының талап тілегі мен қажеттілігін дөп басу болса бұл күні сол нәтижеге жете білдік. Әріптестеріме алғысымды білдіре отырып, алдағы күні де тәжірибе алаңына айнала алсақ, әріптестерге берері мол, пайдасы тиер ұжым бола білсек деймін.
Ең керемет оқу іс -әрекеті
Зауре Жайлаубайқызы өткен
Керемет әріптестер жарайсыздар. Тек биіктерден көріне беріңіздер
Керемет Зауре.еңбегің елене берсің.
Өте тәжірибелі мамандар жарайсыздар!
Өте жоғары деңгейде өтті! Осындай зертханалық тәжірибелер, балалардың қызығушылығын арттырып, дамуына үлкен үлес қосатын дүниелер жасалына беретін болса, Еліміздің болашағы жарқын болатыны анық!
Өте керемет бітіруші топ, үнемі шығармашылық сабақтар болады…
№164 балабақша ұжымына тек шығармашылық табыс тілеймін,алар асуларыңыз мол болсын!!!
Еңбегіңіз жана берсін Зауре арай
Өте керемет! Әрбір жүргізген ертеңгілік, іс-шаралар өте жоғары деңгейде өтеді. Тәрбиелеп отырған балалар еркін өз ойларын жеткізіп, ортасымен тез тіл табысады және зерек. Рақмет сізге Зәуре апай!
Керемет ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті өтті. Білікті маман Зауре Жайлаубай қызы балалардың қызығушылығын арттырып тәрбиеленушілердің зейініндерін аша түсті. Келген әріптестерде өздерінің жақсы тілектерін, керемет әсерде болғандарын айтып кетті. Зауре апай сізге биік шыңдардан көріне беріңіз дегіміз келеді.
Зейінің ашылып, қаламың мұқалмасын. Зәуре асар белестеріңнің шыңына жете бер. ❤
Зауре ааай мен Айгерим апай супер
Ақбөпе Тұрсынқожақызы басқарған ұжым қашанда білікті мамандармен толық болады. Өзі еңбекқор, сабырлы, ақылды басшы болса, ұжымы да жан-жақты, тәжиребелі мамандар. Еңбектеріңіз бағалана берсін, жемісін көріңіздер.
Апайларымыз өте керемет.Балаларымыз өткен зертханалық жұмыстарын үйде қуана қайталап жүреді. Бұйыртса мектеп табалдырығын аттауғада дайын балаларымыз.
Сапалы қызмет үшін алғыс білдіремін. Ұжымға мол шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілеймін.
Керемет жоғары дәрежеде өтті
Молодец.
Еңбегің жансын.
Бастық болуға лайықтысың.
Еңбегің жана берсін Зауре жоғары деңгейде өттің . Ата аналардың алғысын алып жүребер молодец 👏👏👏
Зауре шығармашылық табыс тілеймін.Сәттілік.