Home » Балабақша » Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Ертегілер еліндегі ғажайып математика

 Саурова Аигуль Дауровна,
Түркістан облысы білім басқармасы
Сайрам ауданы білім бөлімінің
“Аяла”санаторлық бөбекжайы”КММ-нің
тәрбиешісі 

Білім беру саласы: Таным .

Бөлімі : Қарапайым математика ұғымын қалыптастыру.

Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой — өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, әлеуметтік орта.

Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының макеті, ойынға арналған пішіндер, муляж, үйшік макеті, ертегі кейіпкерлері, слайд.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс айы
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша; Раяна
О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: (Сұлтан.) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне

ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 — тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Біздің балалар аюмен бірге  апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр:( Диар) бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 — тапсырма
1 — ден 5 — ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап
Қоян(Зейнеп): Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 — тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбаңдап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.

Балалар :  үш қонжық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі(Айнара ). Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 — тапсырма. 1 — ден 5 — ке дейін санамақ айтып бер.
Балалармен бірге түлкі
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бір дегенде орнымыздан тұрамыз

Екі дегенде екі рет айналамыз.

Үш дегенде үш рет секіреміз.

Төрт дегенде орнымызға отырамыз.

Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 — тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзіме де жете ме?

Тәрбиеші: Енді балалар біз пішіндерден балық құрастырып тапсырма орындап көрейік. (Алдарында алдын ала дайындаған пішіндерді пайдаланып.)
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.
6 — тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі  доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?
Ағашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
Тәрбиеші:
— Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
— Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар сіздерге машаның кәмпиті бар екен.
Балаларды Маша мадақтайды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.