Home » Балабақша » Алматы біздің ортақ үйіміз

Алматы біздің ортақ үйіміз

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқан аясында Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Алатау ауданында орналасқан КМҚК «№95 бөбекжай-балабақшасының» ұжымы және ата-аналар мен бүлдіршіндер арасында «Алматы жасыл бақ» атты сенбілік өткізді.
Мақсаты: Балабақша ауласын көгалдандыру арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру  Шара барысында балабақша ұжымы ағаштардың түптерін қопсытып, балабақша ауласын әртүрлі  гүлдер отырғызылды.

   
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»
демекші Тәрбиеленушілердің ата аналары келіп, балалармен бірлесе отырып жеміс ағаштарын, раушан гүлдерін отырғызып еңбекке ат салысты. Балалар ата аналармен бірге ағаштарды отырғызуда қолғабыс жасап, қуана жұмыс жасады. Балалардың қоршаған ортаға деген сыйластығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, танымын көкжиегін кеңейтуге осындай іс шаралар зор үлесін қосады деген ойдамыз.
      

Токтасынова Меруерт Болатбековна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.