«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «№ 150 бөбекжай-балабақша ұжымы мен ата-аналары сенбілікке қатысты.
Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты «№ 150 Бөбекжай- балабақша» ұжымы сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. Бұл жолғы сенбілікке бір ауыздан барлық ата-аналар мен ұжым қатысып, қарқынды жұмыс жасады. Олар, балабақша ауласын қоқыстан тазартып бірнеше түп ағаш отырғызды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша сенбіліктер өтіп жатыр. Бұл акция барысында әр адам табиғаттың құлпырып, аулаларының таза болуы жолында аз да болса өз үлестерін қосып жүр.
— Біз әр сенбі күні ауламызды тазалап сенбілік өткіземіз. Бүгін «Таза Қала» акциясы аясында өткен сенбілікке ата-аналар да қатысты. Аулаланы қоқыстардан тазарттық, талдардық түптерін ағартып, сырлайтын жерлерді сырлау жұмыстарын жүргіздік. Жалпы, жақсы жұмыс атқарғандары үшін, қол ұшын созғандары үшін ата-аналарға алғыс айтамын,-дейдді аталмыш балабақша меңгерушісі Салтанат Нұғманқызы.
Жалпы таза Қазақстан акциясы 8 Сәуірден бастау алған болатын. 5аптаға созылған науқанда қаланы тазартып көркейту мақсатында көптеген жұмыстар жасалды. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталса, «Өнегелі ұрпақ» аталған апта 4-ші Мамырға дейін жалғаспақ. Акцияға еліміздің барлық өңірлері атсалысуда. Алматы қаласы бойынша «Алматы біздің ортақ -үйіміз» науқанының мақсаты; қала тұрғындары арасында мәдениет деңгейін арттыру.
Таза Қазақстан экологиялық акциясы бір күндік сенбілікпен айлық жұмыспен шектелмейді. Одан әрі де жалғаса бермек.
«BILIM AINASY»
Жұлдызай Елеусізқызы
Алматы қаласы