Тазабекова Айжан Акжоловна,
Түркістан облысы білім басқармасы
Сайрам ауданы білім бөлімінің
“Аяла” санаторлық бөбекжайы” КММ-нің МАД тобы
тәрбиешісі
«Біз жұлдызбыз» ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл — күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал — жабдықтары.
1-Тәрбиеші:
Ерте, ерте ертеде, тәрбие атты өлкеде,
«Балбұлақ» атты сарайда, білім шашқан маңайға.
Бір патшалық болыпты, ішіне бақ қоныпты,
Іші өнерлі, өрелі, балаларға толыпты.
Сол сарайдың бір күзінде,
20 бала келіпті, 20 да көрікті.
Кіп — кішкене өздері, былдырлаған сөздері.
Ештеңені түсінбей, таңырқаған кездері.
Алдарынан күлімдеп, «Балаларым, күнім»- деп,
Тәрбиешілер шығыпты, оң мен солын танытты.
Содан бері мінеки, төрт жыл өтті білінбей,
Бір ананың төліндей, ынтымағы жарасқан.
Елді аузына қаратқан, етек жеңін жинаған,
үлкендерді сыйлаған, сол балалар өсіпті.
Буындары бекіпті, балабақшамен қоштасар,
Кезде келіп жетіпті.
2- Тәрбиеші:
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін — деп балабақшамен қоштасатын сүйікті бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Би: «Көңілді шар»
1-бала
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.
2-бала.
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
3-бала
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз
Ән: «Балабақша» қыздар орындайды.
Жүргізуші:
Ұшқыр ойын серік болсын шеберін
Сөз кезегін білімпазға берейін
Арамызда білімді бала көп болсын
Білімпаз сол балаға серік болсын
( Залға Білім патшайымы келеді)
Білім патшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар мен сендерге ақ жол тілеп, мерекелеріңе құтты болсын айтуға келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын. Ме нің достарым боласыңдар. Бізді алда талай көп биік асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуге келісесіңдер ме?
( Осы кезде залға Жалқаубек кіреді)
Жалқаубек: Ой, мында не болып жатыр? Кеттік балалар, ойнауға, далада
қызық болып жатыр. Қане, не істеп отырсыңдар, жүріңдер.
Жүргізуші: Ау, Жалқаубек мұның не? Мерекеге киініп келмейсіңбе? Сен де
биыл мектепке барасыңғой. Мына Білім патшайымы қандай? Сен де талпынуың керек
емес пе?
Жалқаубек: Ой, мына Білім патшайымы мұнда не істеп жүр? Бар ендеше
өзіңнің мектебіңе, балалар менің достарым болады. Біз мектепке бармаймыз,
аналарымыз бен әкелеріміз оқысын, біз басымызды қатырмаймыз.
Жүргізуші: Қой Жалқаубек сен бұлай жалқау болма. Біздің балалар
мектепке дайын, бүгін бақшамен қоштасып жатыр. Сен мамаңнан қалмай
балабақшаға келмей жүргенде балалар бәрін оқып, бәрін біліп алған. Қане
отыршы, өзің көресің.
Білім патшайымы: Ендеше мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке
дайын ба екен, тексеріп көрейік.
Ойын: « Кім алғыр»
Шарты: Ортаға 1-10 дейін сандар тасталады. музыка тоқтағанда сандарды
алып рет-ретімен орналастырамыз, өздері сандарды айтады.
Білім патшайымы:
Менің білгім келеді,
Кім санауды біледі?
Қызық сәттер болады,
Матеметикалық әзілдер басталады.
1. Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен, тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? «2»
2. Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр, күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша, санап шық. «10»
3. Алты қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда. «5»
Жүргізуші: Білім патшайымы, біздің балалар тек білім жағынан емес, сонымен қатар би билеп, ән айтқанды өте жақсы көреді. Біздің балалар өте өнерлі. Олай болса, біздің топтың ұлдары мен қыздарының тамаша бір бииін қабыл алыңыз!
Би: «Көңілді би»
Білім патшайымы: Жарайсыңдар! Жалқаубек қарашы сенің сабақ оқығың келмейді балалар сондай ақылды. Сен балалардың сабаққа қандай заттар апаратының білесіңба?
Жалқаубек: Әрине білем доп, балмұздақ пиченье қарным ашпас үшін.
Білім патшайымы: Жоооқ Жалқаубек балалар сабаққа не зат апаратынын ойын арқылы көрсетеді.
Ойын: «Портфель»
Жүргізуші: Балалар сендер кеше ғана кішкентай сәби едіңдер. Бүгін балабақша түлегісіңдер. Ата- аналарымыз бен қонақтарға қандай болғанымызды еске түсіру мақсатында өткенге саяхат жасайық.
Көрініс: «Балалық шақ»
Хор: «Тәрбиеші»
1 — бала: Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
2 — бала: Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Хор: «Мектеп бізге үйретеді»
Ойын: «Мамандық»
Білім ханшайымы: Балалар сендердің өнерлеріңіз маған қатты ұнады.Жалқаубек сен мектепке баруға дайындалғың келмейме?
Жалқаубек: Балалар мен сендерден көп дүние үйрендім. Сендер ақылды екнсіңдер менде сендер сиақты болғым келеді. Білім ханшайымы маған білім үйретіңізші.
Білім ханшайымы: Жақсы Жалқаубек сен менімен жүр. Мектепке дейін әлі 3 ай уақыт бар. Бастысы жалқау болмасаң болды. Балалар сендерге сәт-сапар сау болыңдар. Біз кетейік. Жүр Жалқаубек.
Жүргізуші: Рахмет сіздерге сау болыңыздар.
Құрметті балабақша ұжымы 4 жыл бірге жүріп, тәрбиелеп мәпелеп өсірген балаларымыз сіздерге деген өздерінің ризашылығын білдіргелі келіп отыр.
Ортаға балабақша ұжымы шығады.
1-бала:
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
——————мың алғыс!
2-бала:
Мейірімді де әдемі
Бүкіл бақшаға қарайды.
Тобымызға әркез кеп
Халімізді сұрайды.
Балаларды қорғайды
Апайларды сыйлайды.
————-мың алғыс!
3-бала:
Ақ төсекке жатқызған
Тәтті тамақ ұсынған
Тобымызды жинаған
Бала болып ойнаған
Роза апайға мын алғыс!
4-бала:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апай мың рахмет
Салима апайға мың алғыс!
5-бала:
Осы апайлардың қолдары
Не деген шебер десенші
Кірліктерді жуады
Оны үтіктеп береді.
Тап — таза қылып алады
Құралай апайға мың алғыс!
Би: «Болашақ жұлдыздар»
Жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып мерекені қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды ақ тілекпен баршаны — дей келе, құттықтау сөзді балабақша меңгерушісіне береміз.
(Ата — аналарға сөз беру)
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп білейік
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Хор: «Қош бол, балабақшам»