Марикбаев Нагашбай Жумабаевич
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Бесшоқы тұрғын үй массиві
«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
тарих пәні мұғалімі
Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтықтан оқыту бүгінгі таңда оқу процесі аясында өзекті мәселердің бірі болып отыр, демек, бұл –заман талабы.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Бірінші осыған тоқталғым келіп отыр.
Демек, қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтықтан оқуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн оффлайн және кең таралған үшінші түрі — вебинар.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер, жиналыстарды өткізуге болады.
Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан болып жатқан жағдайға байланысты, қазақстандық оқушылар ІІІ-тоқсанды 2020 жылы 13 наурызда, атап айтқанда, бір апта ерте аяқтаған болатын. 2020 жылы 16 наурыздан бастап оқушылар көктемгі демалысқа шықты. 2020 жылдың 6-шы сәуірінен бастап IV-тоқсанды алғаш рет қашықтық оқу жүйесінен бастадық.
Отандық білім беру жүйесі үшін де қашықтықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ болып тұр. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында ұстаздар, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет болды. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда ұстаздардың атқарар рөлі орасан зор.
Ұстаздарға ауыр әрі жауапты міндет жүгі жүктелді: олар сабақтың құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындауды ұйымдастырады.
Сабақтың жүйелі құрылымын анықтап, жаңа форматтағы сабақ түрлерін өткізу барысында Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданына қарасты №8 орта мектептің тарихшылары «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» демекші, ауызбіршілік таныта білді. Әр сенбі күні «Zoom» желісі арқылы сабақ жоспарын талқылап, оқушыларға беретін тапсырмаларды ортаға салып, 1 апталық сабақ жоспарын дайындап отырамыз.Атап айтқанда, мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Қосниязов Д. Байдуллаева С. Наубетова Қ. Калмаганбетова С. Алиева З. Күзенбаева Қ. Елжанова Ж. сынды әріптестерім бұл істі жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік таныта білді. Әрине түсінбеген жерлеріміз болған кезде мектеп әкімшілігі көмектесіп, қолдау көрсетіп отырды.
Тәжірибелі ұстаздарымыз өз ойларымен бөлісіп, жас мамандарға үнемі қолдау көрсетіп, кезегінде жастар компьютер тілін жетік меңгеріп оны қолдануда өз үлестерін қосып отырды.
Мектеп қабырғасында осындай ұстаздармен жұмыс жасап жүргеніме мен қуаныштымын.
Биылғы қиын — қыстау кезеңде тарихшы әріптестерім аудан, облыс көлемінде үлкен ауызбіршілік танытып, бір жұдырықтай жұмылып жұмыс жасау барысындамыз.Осы орайда өзімнің ең алғашқы ұстазым, біраз жыл бірге қызмет жасаған, педагог-шебер Аталиков Якуб ағайыма алғысымды білдіргім келеді, үнемі байланысты үзбей, өз көмегін беріп, өз баласындай алаңдап, тәжірибесімен бөлісіп отырады.
IV тоқсанның сабақтары онлайн және қашықтықтан өтіліп жатыр. Сабақ аптасына бес күн, әр пәнге 30 минут уақыт беріледі. Бір сыныпта 25-тен астам оқушы бар, олардың тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалысып сабақтарын көрсетіп жатырғанын айта келе, бұл да болса мұғалім үшін үлкен көмек екенін ескеру керек.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша, оқытудың жаңа технологиясын, компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, оқушылармен жұмыс жүргізу барысындамын, мен үшін де бұл жаңалық. Қашықтықтан оқыту барысында бірнеше тәсіл, талаптарды ұстанып, сабақтарды түрлендіруге тырысамын. Бұл ретте жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде.
А) Ватсап желісі арқылы тапсырмаларды беріп, олардың орындалуын қадағалап, кері байланыс орнатып отырамын.
Б) ОқушыларғаYoutube желісі арқылы бейне-сабақтар жіберіп, тапсырмалар беріп, өз сыныптарыммен ватсап желісі арқылы, бағалау бойынша жұмыстарын жүргіземін.
В) “Balapan” телеарнасы арқылы сабақты уақытында оқушылар көріп, алған білімдерін ортаға салып, өз пікірлерімен ой бөлісіп отырады.
Әрине алғашқы сабақ аптасы оңай болған жоқ. Екінші аптадан бастап бір жүйеге түсіп, сабаққа оқушылар толық қатыса бастады.Атап айтқанда, қазіргі таңда елімізде көптеген ірі платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Бұл мұғалімнің жұмысын біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта «Zoom» стримингтік сервисі мен «Coursera» деп аталатын ірі платформалардың бірі тегін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ «Google Classroom», «Hangout», «Күнделік», «Moodle» жүйелерін тегін қолдануға болады. Сонымен қатар «Bilimland» платформасы өзінің 40 мыңнан астам контентін тегін ұсынды осы платформалар арқылы оқушыларға білім берудеміз.
Сабақ берудің жаңа жолдарын тәжірибе жүзінде жүзеге асыра білдік. Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалім мен оқушының арасында байланыстың жаңа түрлері пайда болды, осы тәжірибені болашақта жан-жақты дамыта отыра, оқу процесіндетиімді пайдалану өте маңызды. Демек, бұл үрдіс тоқтап қалмау керек, оны одан әрі дамыту қажет.