Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
«Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Директордың орынбасары Сәулебаев Нұрсұлтан Шалқарұлы
Әлемде белең алған індетке байланысыты елімізде төтенше жағдай жарияланғаны баршамызға аян. Осы жағдайға байланысты ЖОО, колледждер және сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде IV оқу тоқсанын қашықтан білім беруге көшті. Мұғалімдер тарапынан көптеген сұрақтар туындағаны, түрлі ұсыныс пікірлерде болғаны белгілі. Осы орайда сәуір айының алғашқы күндері республика мектептеріндем қашықтан сынама сабақтар, сынып сағаттары және ата-ана жиналысы өткізілді. Мектебіміздің мұғалімдері өткізген сабақтары мен сынып сағаттары ойдағыдай өтті, ата-аналарда оң көзқарас таныта білді. Мұндай жағдайда оқушыларымызды ата-ана тарапынан қолдауы біз үшінде үлкен күш беретіні сөзсіз.
IV оқу тоқсанын қашықтан жүргізу үшін мектеп әкімшілігі тарапынан бірнеше қолдау жұмыстары жүргізілді, соның бірі мұғалімдерді топқа бөліп онлайн ресурстар мен түрлі қосымшаларды игеруге ықпал ету. Мектебіміздегі IT сауаттылығы жоғары деген 10 мұғалім 10 топқа бөлінген әріптестеріне онлайн ресурстарды (Zoom, Google classroom, Google Forms, Kahoot, WhatsApp Web т.с.с.) қолдануға, өз сабақтарын бейнеролик түрінде дайындау және монтаждау үшін видеомонтаж (Viva video, inshot, Vrecorder, vandicam) бағдарламаларымен жұмыс жасауларына көмегін тигізіп келеді.
Бүгінгі таңда оқушылардың сабаққа үнемі қатысып отыруы ата-аналардың ықпалы зор, сол себепті ата-ана мен сынып жетекші мұғалімдер үнемі байланыста отырады.
Мектебіміздегі үйірмелерде жұмысын тоқтатқан жоқ, себебі оқушылардың спорт, шығармашылық сынды бейімділігінде бәз баяғыдай қалыпта жалғастыруына ықпал ету.
Бұл қиын кезіңнен де өтіп, мектебімізбен, оқушылармен аман-есен қауышармыз. Біз біргеміз!!!