Алматы қаласы
Алатау ауданы
#114ЖББ мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Өміртаева Ғазиза Тұрғанбекқызы
- Жазбамды тарихқа сыр шерте отырып жазсам деп едім. Нағашы атам Оразбек 94жасында өмірден өтті, көзі тірісінде барлық немере,шөберелерін жиып ертегі айтып, бар ақылымен, даналығымен сусындап өсірді. Мен ес білгелі нағашы атамның қолында өстім.Кейін уақыт өте Алматы қаласына,әкемнің жұмыс барысымен көшіп келдік. Нағашы атамның ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді деп айтқан сөзі жадымда мәңгі қалды. Екі жыл артқа салып ,ауылымды, достарымды қатты сағынып ата-анамнан рұқсат сұрап, нағашы атамның үйінде тұруыма, сондағы мектебіме қайта орналастыруын сұрадым. Келдім, білім алу басталды он бірінші сыныптың қарсаңы, атам қасына шақырып көжегім қай мамандық иесі болғың келеді, арманың қандай деп сұрағанда…..Мен ойланып отырып -ата мұғалім болсам деп- армандаймын, шет тілі пәнін жақсы көремін деп едім. Атам күлімдеп қарап, талабың таудай екен қарағым деп арқамнан қағып, батасын берді. Алматы шаһарына келдім, ЖОО орнын шет тілі пәні мұғалімі мамандығын тәмәмдадым. Дипломды қолға алып ,білім нәрі сусындап тұрған #114 Жалпы Білім Беретін мектептің директоры Жанбаева У.А ханымға кіріп мұғалім болғым келетінін, оқушылармен жәй жұмыс жасап қана қоймай ,тәжірибе алмасып нәтиже шығарғым келетінін айттым. Бірінші мұғалімдік күнім басталды, түрлі ұлт өкілдері оқитын бұл білім ордасы мен үшін биікке шығудың алғашқы бастамасы еді.Қәзіргі таңда 1-4 сыныптарының ағылшын пәні мұғалімі болып жүрген жәйім бар. Басындағы тақырыбымның бастамасы ,бүгінгі күн,ертеңгі тарих атағаным, осы мұғалім мамандығын таңдаудағы қателеспегенім үшін, мамандығым жар таңдауда қателестірмегені үшін,бұның бәрі мен үшін мәңгі өшпес тарих. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан аса қауіпті індеттің кесірінен, қашықтықта оқыту жүріп жатыр . Мен өз кезегімде, оқушыларымды қашықтықта отырып шет тілі пәнінің қызықты өтуіне, білімді әрі қарай түрлендіріп,жаңаша көзқараспен сабақ барысын түрлендіруге ,білім сапасының түсіп кетпеуіне, оқушының қызығушылығы арта түсуіне бар күшімді саламын. Жазбамды алдағы келе жатқан үлкен мерекеміз 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға береке, бірлік, татулық тілеймін деп аяқтағым келеді. Ақпыз, қара, сарымыз-ағайынбыз бәріміз