Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқытудың бір айы да зымырап өте шықты. Өркениетті қоғамда көшке ілесу заман талабы. Қандай жағдайда болмасын нағыз ұстаз қиындықтан жол таба білуі керек. Ұстаздарымыз еш қиындыққа мойымай шәкірттерінің жанынан табылып,бағыт-бағдар бере білді. Қашықтықтан білім берудің де өзіндік оңтайлы тұстары айқындалып отыр. Күнделікті сабақта көзге түсе қоймайтын оқушыларымыз,сабаққа қызығушылығы артып,белсенділік танытып жатты.Оқушылар бейнесабақтар арқылы ақпаратты қабылдап, өз ойларын ортаға салды,жұмысының нәтижесін ұсынып,мұғалімнен кері байланыс күтіп, оқушы өз бетімен ізденуге,білім алуға дағдыланды.Қашықтықтан оқыту оқушылардың жаңа технологияны еркін меңгеруіне және жауапкершілік құндылығын бойларына сіңіруге зор пайдасы болды. Осындай қиын сәтте мықты ұстаздар қиын жағдайға бейімделіп, 70-тегі ұстаздар жаңа ақпараттық-технологияны меңгеріп, онлайн сабақ беруді жылдам игерді.Мұны бала алдындағы,қоғам алдындағы ұстаздардың жауапкешілігі десек те болады.
«Білім мен тәрбие -егіз ұғым» демекші оқу процесімен бірге тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сай, іс-шаралар да өз кезегімен өткізілуде. №195 жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімдері Оспанғалиева Ұ.Н. мен Карибова Щ.З. «Экология» айлығына байланысты «Табиғатты аялайық»атты тақырыпта оқушылар арасында сурет салу,үздік видиороликтер сайысын қашықтықтан өткізді. Бұл сайысқа мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері белсене атсалысты.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік пен келісім» тақырыбында онлайн сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына оқушылар аса қызығушылық танытып, өздерінің бейбітшілік туралы өлеңдерін жатқа оқып, 1 мамыр мерекесіне арнаған суреттерін салып ватсап желісі арқылы ұстаздарына жолдады.
Төтенше жағдайға байланысты балалар түрлі спорттық кружоктардан, үйірмелерден, ойын-сауық орталықтарына қыдырудан тіпті аулада серсендеуден шектелгендіктен қандай тапсырма берсең де бар зейінін сала кірісіп, жауапкершілікпен қызыға орындайды. Білгендерге осылар
Бәрі –дағы анықтай,
Білмегенге танықтай,
Біз де қарап жатпалық,
Осыларға таныспай,- деп Ұлы ағартушы –Ыбырай Алтынсарин айтқандай қашықтықтан оқытуды жақсартуға үлес қосайық, білім берудің жаңа форматында ұсынған жұмысымыз абыройлы болсын дегім келеді.
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы,
№195 жалпы білім беретін мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Иргебаева Нуршаш Нурлина