Home » Мақалалар » Қашықтан оқу балалардың өзіне деген сенімділігін арттыруда

Қашықтан оқу балалардың өзіне деген сенімділігін арттыруда

№102  ЖББМ КММ директордың міндетін атқарушы
 Асылбекова Сауле Райымбекқызы

Төтенше жағдай кезінде Жетісу ауданы №102  ЖББМ КММ оқу процесі толығымен қашықтан оқытуға өтті.  Қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын толығымен қолдаймыз. Жаңа форматтағы оқу процессі толығымен жолға қойылып, оқушылар теледидар арқылы және арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы білім алып жатыр. ҚО дайындық барысында компьютері жоқ және үйі интернетке қосылмаған оқушылар тізімі анықталып,қалалық, аудандық білім басқармасы бұл отбасыларды қажетті техникамен қамтамасыз етті.
Осы форматтағы білім беру барысында біз ұстаздар қауымымен оқушылардың үлгерімін зерделей келе қашықтан оқу оқушылардың өзіне деген сенімділігін артуы мен сабаққа қатысу белсенділіктерін байқадық. Арнайы цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты пысықтауға, қайта қарауға, ұстаздармен кері байланыс орнатуға нәтижелі мүмкіндік беріп отыр. Оқушылардың мүмкіндігіне байланысты ұстаздар оқушыларды жеке дара оқыту мен тапсырмаларды сәйкестендіріп беруі жолға қойылды.Ұстаздарымыз оқушыларымен электронды журналдар, мессенджерлер арқылы кері байланыс орнатып отыр. Осы форматтағы оқыту ата-аналар үшін де оңайға соққан жоқ. Қашықтан оқыту – ұстаздар, оқушылар және ата-аналар үшін жаңа тәжірибе болды. Мектебіміз ата-аналары карантин жағдайындағы білім алу форматына түсінушілікпен қарап, балаларына білім алуға белсене көмектесуде. Әрине, мектепте алған білімнің сапасы бөлек, бірақта қашықтықтан оқыту баршамыздың ақпараттық-функционалдық сауаттылығымызды жетілдіруде. Сосынмен қатар оқушылар қашықтан оқытуды іш пыстыратын карантин кезіндегі қызықты жаңа тәжірибе ретінде қабылдап өз шығармашылықтарын дамытуда. Вируспен күреске арналған өлеңдер жазып, сурет салып, видео роликтер түсіріп өздерінің үлестерін қосуда. Індетті ауыздықтаудың бір жолы – үйден шықпау! Соған орай біз шыдамдылық пен төзімді, сабырды ту етіп, отбасымызбен үйде отырайық. Ғаламды жаулаған індетті жоюға еліміздегі ынтымақтың, қайырымдылықтың һәм бірліктің арқасында қол жеткіземіз. Өйткені, біз біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.