Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың  жаңа  қыры 

Қашықтықтан оқытудың  жаңа  қыры 

Алматы қаласы,
№107лицейдің
      қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Дәлелхан  Ботакөз 

Аты жаман бұл дерттің біздің елдіде қағыс қалдырмайтынын кім ойлаған . 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемге таралған бұл вирусты «Пандемия» деп жариялауына байланысты, ел президенті, көш басшымыз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» жарлық шығарды. Осындай қиын сәттегі тосын өзгерістер қай саланы болсада бей-жай қалдырмағаны бәрімізге аян.

Әлемді жаулаған бұл тілсіз жаудан қорғанудың бірден – бір ұтымды тәсілі ол – оқшаулау болатын. Яғни, вирустың таралуының алдын алу үшін адамдар сыртқы ортамен қарым — қатынасын тоқтатып, үйде қалу еді. Бұндай шешім білім саласы үшін (метеп жасындағы балаларды оқыту) бұрын — соңды болмаған ауыр бір сәт болды. Үйткені еліміздің ертеңі болған ұрпақтарымыз, осы барыста оқусыз қалмауы керек еді.Бірақ білім және ғылым министрлігі бұныңда оң шешімін тапты. Ол –Қашықтықтан оқыту. Бұл аты айтып тұрғандай, интернет құрылғыларын пайдалана отырып, оқытуды алыс аралықтан  жүзеге асыру.

Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді.  Бұл бұйрықты қолымызға алғанда әрине санамызды сан түрлі сұрақтар мазаламай тұрмады. Себебі бұл мұғалім үшін де, оқушы үшін де тың нәрсе еді. Дегенмен, біз Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №107 лицей ұжымы бұл қиындықтыда еңсердік.

Біз қашықтықтан оқытуды оңай әрі ұтымды жүзеге асыру үшін, Сәуірдің 6–жұлдызынан бастап «Күнделік», «Google Classroom», «WhatsApp» жүйелерін пайдаландық.Алайда «Google Classroom»платформасы осы қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін 2014 жылы іске қосылған еді.Бұл ақысыз флатформа арнайы жасалғанымен оны ешкім шынайы іске асырылмаған болатын. Платформада әрбір білім беруші өзінің сыныбын ашып, оқушылармен түрлі керекті құжаттарды  бөлісе алады, әрі осында тапсырма жүктеп, оқушылардан кері байланыста ала алатын байланыс көзі. Қазіргі таңда мектеп жасындағы оқушы мен оқытушыға аса қолайлы болған бұл платформалар бүгінгі күнде өз жемісін беріп отыр.

Қашықтықтан оқыту барысында оқытушылар түрлі ақпараттық технологияларды ұтымды пайдаланып тез ақ үйреніп алды. Оқытудағы бұл үрдіс оқытушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, оқушыларды да ақпараттық технологияларды дұрыс бағытта қолдануға бағыттады. Еліміздің болашағы оқушыларды өздігінен ізденуге талпындырып, әрбір берілген тапсырманы өз күшімен орындауға үйретті. Қашықтан оқыту әдісі оқушының жауапкершілігін арттырып, әрбір оқытушыны үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге талпындырды. Қазіргі карантин уақытының талаптарын сақтау барысында әлемде барша адамзат тазалық пен тәртіпке бағынып отыр. Мектеп жасындағы балалардың қашықтықтан оқыту арқылы бір мезгілде қос тарапынан жетіліп отыр.  Бұл да өтпелі кезеңнің жақсы қыры деп ойлаймыз.Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы №107 лицей ұжымы бұл қиындықтыда еңсеріп ХХІ ғасырдың талабына сай жастарға білім беруде!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.