Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
МКҚК №8 «Ақбөбек» бөбекжай- бақшасының
тәрбиешісі: Толтырова Мария Текемұратқызы
Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.Патриоттық сезімдерін дамыту.Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, сүйкімді балалар!
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ,адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!-деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.Жүздерімізгі шуақ, бойларымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
Ендеше Қазақстан Республикасының әнұранын орындайық.
Жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай-деп кезекті тақпақтарға береміз.
А.Айзере:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Т.Арсен:
Ақпыз,қара, сарымыз
Әр елден біз әрі біз
Дос, бауырмыз бәріміз,
Ағайынбыз бәріміз!
А.Аружан:
Ортақ жұтар ауамыз
Ортақ жарық күніміз
Достық туған анамыз
Жердің қызы, ұлымыз
А.Абдусалам:
Болсын жер мен су да ортақ
Болсын біздің ту да ортақ
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
С.Дария:
Бір-бірімен тату тәтті тұрады
Бәрінің де Қазақстан-тұрағы
Туған жерге тебіренген сәттерде
Ағаларды өлең-жырдың бұлағы
-Жарайсыңдар балалар.Кезекті орыс халқының биіне береміз.
Би: «Хоровод»
Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Хор: «Дос болайық бәріміз»
Жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды,сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Ойын: «Ұлттық тағам»
Ойын шарты: Ойынға әр ұлттың киімін киген балалар қатысады және өзі киіп келген ұлттың, ұлттық тағамын табады.
Жарайсыңдар балалар!
Кезекті тақпақтарға берейік.
Қ.Нұрислам:
Қазақ елі-қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт өмір сүреді.
Ж.Камила:
Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным
Дос байыса қыза түсер думаның
Барлық ұлттың өкілдері жарасып
Асырайық іс-жүзінде тіл заңын.
Ж. Айзере:
Ынтымағы жоқ елде ән болмайды,
Ынтымағы жоқ елде сән болмайды.
Қазақстан достығы қызықтырып,
Біздей болсақ деп көбі армандайды.
Қ.Мейіржан:
Қиындықты көп көрген ел екенбіз,
Жылдан жылға молайған берекеміз
Тойымыз тойға ұласып шаттанайық
Халайық құтты болсын мерекеміз
Ж.Абунасыр:
Енді бүгін қарасам
Айналам бақыт кең жатыр
Бірімен-бірі туысқан
Қол ұстасқан ел жатыр
Ендігі кезекті үнді халқының биіне береміз.
Би: «Хатуба» биі
Жүргізуші:
Қазақстан дейтін байтақ елім бар,
Орманым бар, өзенім бар, көлім бар.
Пейілім кең, дастарханым жаюлы,
Әлем халқы, бізде қонақ болыңдар!
-деп келесі кезекті Камила,Нұрислам, Аружанның орындауында
Ән: « Ақ көгершін»
Жарайсыңдар балалар! Ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Күн түстес күннің шуағын тап»
Ойын шарты: Ойынға төрт бала шығады.Күннің ортаға түрлі түсті шуағын шашады,ал балалар музыка ырғағымен күннен айналып билеп музыка тоқтағанда сары түсті күннің шуағын алу керек.
Жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!-деп 1-мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді Қаражорға биімен аяқтаймыз .