Авторы:Надырбекова Айгүл Жұмағұлқызы
Алматы қаласы №107 лицей
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өмір-өзен ағынын
Аяқ асты кілт бұрды.
Көп нәрсенің қадірін
Төрт қабырға ұқтырды.
Пендедегі сананы
Ниеті ғой қор қылар.
Еркіндікпен араны
Бөліп тұрған сол дуал.
Өрік гүлі даланы
Жұпар қылып жатқаны
Бөліп тұрған араны
Терезенің жақтауы..
Бір сәт дамыл тапқан ба-ай?
Ал кеудемнен ұшқан мұң
Қайталанып жатқандай
Дауысымен құстардың.
Адамзаттан қорқа ма?!
Мұңаяды .Үнсіз-ақ.
Табиғатпен ортаға
Түсіп қапты бір сызат.
Сауық-сайран.Өткенім.
Еске түссе,тамсанғам
Ерекше бұл көктемім
«Бетпердемен»қарсы алған!
Мойындауға тым қиын
Тыпырлаймыз бекер біз
Бұдан шығар бір түйін
Тым дәрменсіз екенбіз!
Адамзаттың көзінде
Кірбің ойлар.Дүдамал.
Жаратқанның өзінде
Табылар-ау бір амал..
Кешірілсін күналар
Қабыл болсын дұғалар!