Биманова Айгерим Асылбековна
Ия, мектеп оқушысы үшін де, мұғалім үшін де бұл жаңалық.Менің тәжірибемде бұндай оқытудың түрі болып көрген жоқ.Мұғалімге ғаламтор әлемінде көп ізденуді талап етті.Әр түрлі платформалардан мәлімет қарастыру, ондағы басты мақсаты оқушыға түсінікті етіп жеткізе алатын материал табу.Қашықтықтан оқыту оқушыға да оңай тиген жоқ.Мектепте емін –еркін талқылап, қарым-қатынаста игерілу оңай болатын.
Қашықтықтан оқыту барысында мұғалімдер қалған соңғы тоқсан тақырыптарын оқушыға меңгертуде барынша тиімді жолды табуға тырысты. Арнайы түсірілген бейнесабақтар, «Балапан», «Ел арна» арналарынан көрсетілген сабақтар оң әсерін тигізгені сөзсіз.Мұғалімдер қауымы өздерінің ақпараттық жағынан сауатты, әр баланың жанын түсіне алатын психологтар екенін көрсете алды.Қашықтықтан оқыту деген сынақтан да сүрінбей өту үшін барлығы бірдей ат салысты.Ата-ана тарапынан да көп қолдау болғаны дұрыс.Баланың күн режимін сақтау өте маңызды.Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына көп күш керек екенін өзім тәжірибемнен түсіндім.Баланың сабақта меңгеріп келетін білімін үйде бірге игеру, тапсырма орындау оңай соқпайды екен.Бастауыш сынып мұғалімдеріне ерекше тағзым.
Сабақты игеруге оқушылардың уақыт өте белсенділігі төмендеп кетті.Оған бірнеше себептер бар.Біріншіден, үйде болу.Еркінсіп кету, бір қалыпты күн тәртібінің сақталмауы, әсіресе жоғарғы сынып оқушылары.Екіншіден, қарым-қатынастың болмауы, баланың өзін зеріктіріп жібереді.
Осындай сын сағатта әр оқушыға, отбасы қолдау қажет екені сөзсіз.Сынып жетекші ретінде мектеп тәрбие жұмысы жөнінде орынбасарларының орынды тапсырмаларына рақмет.Орындалып жатырған жұмыстың барлығы төтенше жағдайда оқушы, ата –ана өзін қалай ұстауы керек, көңіл күйді көтеру тапсырмалары: домбаршылар, әншілер өз өнерлерін үйде бейнежазбамен түсіріп, мектепішілік қащықтықтан концерт ұйымдасытыру, үйдегі карантин уақытында сурет салу байқауы, Абай Құнанбаев өлеңдерінен челлендж тағы да осы сияқты шаралар барлығымыздың карантин кезіндегі уақытымыздың сапалы өтуіне жақсы әсер етті.