Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ –  ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ –  ЗАМАН ТАЛАБЫ

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ердәулетова Мереке Мырзаханқызы

     16-наурыздан бастап ҚР төтенше жағдайына байланысты Мұнайлы ауданындағы №12 жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары да қашықтықтан сабақ өтіп жатыр. Және де осы мектептің мұғалімдері оқушыларға қашықтықтан білім беруде.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді.

     Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды.  Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушыларды дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның оң әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.

     Қашықтан оқыту, әрине, барлығымызға оңайға соқпаса керек. Бұрын-соңды болмаған білім беру жүйесін осылайша қолға алып отырмыз. Дегенмен де, қашықтықтан жұмыс жасауда педагогтардың жинақтаған тәжірибесі жоқ болса да, мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, электронды журнал жүйелерімен таңсық емес. Қазіргі уақытта мұғалімдердің де жұмысы көбейді. Сондықтан оқушылар мен ата-аналар да түсіністікпен қарап, өз үлестерін қосуы қажет деп ойлаймын. Сын сағатта үштік одақ бірлескен жағдайда қашықтықтан оқытуды нәтижелі, абыроймен жүзеге асыратынымызға сенімдімін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.