Home » Ашық сабақтар » «Әжеміз қонақта» 

«Әжеміз қонақта» 

Махамбетова Айжан Беркимбаевна
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Кызылагаш ауылы.
 Абылайхан атындағы ОМ жанындағы
 «Балдырған» шағын орталығының
ортаңғы топ тәрбиешісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:  Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әжеміз қонақта».

Мақсаты:

Білімділік: Өзотбасы туралы әңгіме құрап айтуға үйрету. Мақал- мәтел, тақпақтар, өз отбасылары, оның ішінде әже туралы әңгіме құрата отырып, жаңа сөздер мен сөздік қорларын байыту.

Дамытушылық: Байланыстыра сөйлеу тілін дамыта отырып, оқу қызметіне қызығушылық сезімдерін ояту.

Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. 

Сөздік жұмыс: отбасы, әже қарт адам, қария, зейнеткер.

Билингвалды компонент: отбасы- семья- family, ата- дедушка-grandfather, әже- бабушка- grandmother, ана- мама- mother, әке- отец- father, аға- брат- brother,әпке-сестра- sister.

Шаттық шеңбері:

Бір шаңырақ астында,

Тату- тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз астыда,

Бірге сайран құрамыз.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, қимыл — қозғалыспен көрсетеді.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:

  • Балалар терезеден айналамызға көз жүгіртіп қарасақ, көптеген зәулім үйлерді көреміз.Ол үйлерде кімдер тұрады?

Балалар толық жауап беруге тырысады.

— Үйлерде тұрғындар (адамдар) тұрады.

Миға шабуыл:

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған.

Ол әр баланың  панасы,

Ол не екен балалар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, ол  отбасы екен. 

Ғажайып сәт:

Әже қонаққа келеді.

-Амандасады.

— Сәлеметсіз бе?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Әже.

Тәрбиеші: әжені төрге отырғызып, бүгін біз отбасы туралы балалармен әңгімелесіп отыр едік.

Әже: балалар кімнің үйінде әжесі бар?

Ерасыл, Аңсар, Аяна қолдарын көтеріп әжелері бар екенін айтады.

Тәрбиеші: Әже өзімен тапсырмалар ала келіпті. Балалар әженің тапсырмаларын орындаймыз ба?

— Орындаймыз деп қуаныштарын білдірді. 

І -тапсырма: Әже туралы тақпақ білесіңдер ме?

Ерасыл:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді,

Үйдегі бар жанға.

ІІ — тапсырма:Суретпен жұмыс:

Тәрбиеші: Отбасы  мүшелерін суреттен тауып атаңдар.

— Әже  үйде не істейді?

— Әженің пайдасы бар ма?

— Қалай күн көреді?

— Әже ақшаны қайдан алады?

Балалар суретке қарап отбасы мүшелерін атайды.

-Әже үйде отырады, балаларға ертегілер айтып береді.

— Әже іс тігеді, тоқиды.

— Ай сайын пенсия алады. 

ІІІ тапсырмасы: Мақал — мәтелдерді суретке қарап аяқтаңдар.

Балалар отбасы туралы қысқаша әңгіме құрастырып айтып береді.

Мақал — мәтелді суретке қарап аяқтайды.

ІV – тапсырма:

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: балалар шашылып жатқан пішіндерден әжеге арнап үйқұрастыру қажет.

Музыка әуенімен әжеге арнап үй құрастыруғa  балaлар қызығушылық танытып, шапшаң қатысады. 

V- тапсырма:

Тілдік жаттығу:

Шым–шым–шыманашым,

Шім–шім-шімәкешім,

Шым–шым-шыматашым,

Ым–ым-ымәжетайым,

Балалар қайталайды.

Билингвалды компонент:

отбасы- семья- family, ата- дедушка-grandfather, әже- бабушка- grandmother, ана- мама- mother, әке- отец- father, аға- брат- brother,әпке-сестра- sister.

Сөздік жұмыс: отбасы, әже қарт адам, қария, зейнеткер.

Сөздік қорларын жаңа сөзбен толықтырады

Қорытынды.

Балалар,бүгін қонаққа кім келді?

— Оқу қызметінің қай кезеңдері қызықты болды?

-Өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер ме?

— Қонаққа әже келді.

Балалар өздеріне ұнаған кезеңдерді айтады.

Әженің тапсырмаларын орындағаны ұнады.

Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларға жұлдызшалар табыстап мадақтап өтеді. 

Ән: «Әжем менің» аяқтау.

Балалар қуанады әнге қосылып айтады.

— Әже рахметін айтып әкелген тәттілерді балаларға үлестіріп  қоштасады.

Сау болыңдар, балалар! 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз отбасы туралы әңгіме құрап айтуды;

Білді: әженің зейнеткер, қария адам екенін;

Қолданады: отбасының тату-тәтті болуы керектігін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.