Home » Жаңалықтар » ҚАШЫҚТЫҚ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

ҚАШЫҚТЫҚ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

 Қазақстан Республикасы
Журналистер Одағының мүшесі
Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»
СҚО
 

      Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі  «Өрлеу» БАҰО» СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иниституты ел басына  түскен ауыртпашылықты мойымай көтеруге,  ел бойынша қызметтерін жалғастырып, халқына қолдарынан келгенше аянбай балаларын тәрбиелеуге үлес қосып жатқан балабақша тәрбиешілеріне арнап халықаралық қашықтықтан байқау ұйымдастырды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі педагогтерге арналған «Ерекшелікпен тәрбиелеу: ізденіс, идеялар, жүзеге асыру» халықаралық байқауына республикамыздың түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден қатысты. Атап айтар болсақ: Шығыс Африка (Уганда республикасы), Германия, Эквадор республикасы, Беларусия, Ресей федерациясынан (Омбы облысы, Қорған облысы, Туль облысы, Саратов облысы) және Қазақстаннан (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар обылыстары).

Бұндай байқауды ұйымдастырудың мақсаты мектепке дейінгі білім беру мекеме тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, алдыңғы қатарлы педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу және инновациялық білім беру технологияларын енгізу, яғни мектепке дейінгі мекеме мұғалімінің кәсіби имиджін қалыптастыру болып табылады,- дейді ұйымдастырушы «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Козарезова Наталья Даниловна.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамытып, көшбасшы мұғалімдердің мобильді білім беру ортасын ұйымдастыруда, ұстаздардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуда аталмыш байқаудың беретін мүмкіндігі зор екені айтпасада түсінікті. Күн сайын емес, сағат сайын, тіпті минут сайын естіп жатқан жаңалығымызды ұмыттырып, өмірге деген белсенділігімізді арттыруда осындай байқаулар керек-ақ дейді, Ерболат Жантасов.

Расында әлеммен, тіпті республикамен өзара шығармашылық тәжірибемен алмасып отыру, ұстаздарды оқу процесінің жаңа технологияларын үйренуге, өз мамандықтарының мәртебесін көтеруге септігін тигізері қақ.

Байқау үш номинациядан тұрады. Бірінші номинация «Туған жер» деп аталады. Онда Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, ҚР конституциясының 25 жылдығына арналған. Осы тақырыптар бойынша 41 жоба жазылып, 76 мұғалім қатысқан. Екінші номинация «Менің есімде, Менің мақтанышым!» деп аталады. Бұл номинация бойынша 59 жоба, 111 мұғалім қатысты. Аталмыш номиноцияның тақырыбы ұлы жеңістің 75 жылдығына арналды. Үшінші номинация «Жақсы істі жан дүниеңмен жаса» деген тақырыпта Қазақстан республикасының волонтёр жылына арналды. Бұғанда 18 жоба, 40 ұстаз қатысып бақтарын сынады. Барлығы 118 жоба, 227 мұғалім қатысқан ауқымды байқау болған. Байқауға балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер, музыка жетекшілері, логопед, психолог, дене шынықтыру мұғалімі, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері қатысып, бақтарын бәсекеге салған.

Ауқымды іс-шараның қорытындысы да қашықтықтан жарияланып, байқауға қатысушы балабақша ұжымдары  қашықтық арқылы эфирге шықты. Байқауды ұйымдастырушы ұжымға өз тілектерін білдірген Петропал қаласы «Балауса» бөбекжай-бақшасы ұжымы, «Арман» бөбекжай-бақшасы, Маңғыстау облысы және Ресейдің Саратов облысы тікелей эфирге шығып, байқаудың қорытындысын бірге тыңдады.

«Туған жер» номинациясы бойынша «Абай Құнанбаев біздің жүрегімізде» деген жобаны «Балауса» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жантасов Ерболат, әдіскер Даниярова Айнұр, орыс тілі маманы Ташкенова Алтынай, ағылшын тілі маманы Теменова Әлия, тәрбиеші Аманжолова Жадыра жазған. Бұл кісілердің еңбектері еленіп жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Байқауға қатысқан 118 жобаны да бағалаған әділ қазылардың құрамы алыс-жақын шетелдік ғалымдар мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ғалымдары бірлесіп әділ шешім қабылдаған. Үш номинатция бойынша орын алғандардың ішінде Ресейдің Саратов, Омбы облыстарының балабақша мұғалімдерімен қатар, Отандық ұстаздарымыз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Көкшетау қаласының ұстаздары да жүзден жүйрік атанды.

          Байқауға қатысып, өздерінің мекемесінің намысын қорғап қана қоймай, Қазақстанның білім жүйесін насихаттауға, өз тәжірибелерін әлеммен бөліскен ұстаздар мен тәрбиешілерге «Өрлеу» БАҰО» СҚО бойыншапедагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иниституты директоры Мурзалинова Алма Жәкімқызы өз алғысын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік, шығармашылық табыс тіледі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.