Home » Ашық сабақтар » 3 саны мен цифры. Үшбұрыш. Сөйлемдегі сөздер саны

3 саны мен цифры. Үшбұрыш. Сөйлемдегі сөздер саны

 

Есеп, жазу және тіл дамыту

3 саны мен цифры. Үшбұрыш. Сөйлемдегі сөздер саны

Мақсаты:

Білім беру: Оқушылардың есептеу дағдыларын бекіту. 3 саны мен цифры. Үш затты сан есіммен атау және білу. Атымен, үлгі бойынша цифрлық кассадан 3 санын тауып алу. Бір санымен және бір цифрмен, бір затты, бір саусақпен сәйкестендіру. Атымен және үлгі бойынша үшбұрышты табу. Балаларды есеп шығаруға үйрету. Балалардың әріп, буын, сөйлем туралы дағдыларын бекіту. Оқу жүйесіне деген қызығушылығын арттыру. Маңызды оқуға үйрету.

Коррекциялық: Ой-өрісін жетілдіру, дамыту. Оқыту жүйесін практикалық деңгейде қолдану. Оқушылардың байланысты және ауызша сөйлеуін жетілдіру. Дұрыс отыру және қол икемділігін жетілдіру, балалардың ой-өрістерін, назарларын дамыту.

Тәрбие: Оқушыларды тәртіпке және шыдамдылыққа үйрету. Оқу жүйесіне деген қызығушылығын арттыру. Басқа балалармен және үлкендермен қарым-қатынас қалыптастыру.

Көрнекті құралдар: карточкалар, оқулық, дәптер, фигуралық құралдар.

Технология: ойын, презентация, денсаулық сақтау ойындар.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, бізде бүгін әдеттен тыс дайындық сабақ. Бізге бүгін қонақтар келді. Дайындық сабақта біз бүгін өткен тақырыптарды есімізге алып, ендігі күнге дайындалуымыз керек. Енді ашық сабағымызды бастаймыз!

  1. Психологиялық дайындық.

— Қайырлы күн, алтын күн!

Қайырлы күн, көк аспан!

Қайырлы күн, достарым!

Қайырлы күн, қонақтар!

Ал, қазір «Ия-жоқ» ойынын жүргізе қояйық.

— Далада қоңыр күз? (ия)

— Бүгін жексенбі? (жоқ)

— Сыныпта 4 оқушы?(ия)

— Күн суық? (ия)

-Тамаша, балалар. Далада қоңыр күз басталды. (Слайд)

-Күзде не жиі жауады? (жауын)

-Ал енді балалар, партамыздың үстінде жатқан парақтарымызды алып, жапырақтарымызға үрлейміз.

-Ал қане, демімізді мұрынмен алып, ауызбен үрлеп шығарамыз.

3.Үй тапсырмасын орындамас бұрын, біз сендермен 3 саны мен цифрын қайталаймыз. (Слайд). Ал балалар, келесі есепті шығарайық.

Ақ тауықтың алдында1 балапан

Артында 2 балапан

Ақ тауықтың балапаны

Қанша болады балақан? (3)

Сатып екі алманы, қойды үйрек себетке,   (слайд)

Тағы қосса біреуін,нешеу болмақ әдетте? (3)

4. Әдіс «Ұядағы жұмыртқа»

Құстар жұмыртқалайды, жұмыртқадан балапан шығады. Қазір, балалар, біз жұмыртқа санаймыз.   (10-ға дейін санау, артқа санау).

  1. Сергіту сәті

Аспанға қарайық,

Күнге қолды созайық.

Құстар қалай ұшады,

Қанаттарды қағады.

Құстар қонады,

Құстар су ішеді,

Жем жейді.

1-2-3 — құс, аспанға ұш,

1-2-3 — құс, аспаннан түс.

-Балалар, тақтадағы суретке назар аударайық. Бұл сурет неге ұқсайды? (Адамға). Мында қандай пішіндері көріп тұрсыңдар? (дөңгелек, ұшбұрыш, төртбұрыш)

— Енді алдымыздағы таяқшылардан ұшбұрыш құрастырамыз. Тақтаға шығады. Фигуралардан балапан жасайды. Оның ішінен үшбұрыш фигурасын тауып, балапан жасайды.

Тәрбиеші өзінің қаршығын ашып, тапсырманы оқиды. Қалған балалар кезекпен тақтаға шығып орындайды.

  1. Сәйкес цифрды қой
  2. Есепте. 92 бет
  3. Есеп құрастыр. 91бет
  1. Дем алу жаттығулары

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске бесті қосамыз,

Жауабын біз табамыз.

1…………10

-Балалар, сендер қандай керемет, тапқыр екенсіндер. Есеп сабағында өз білімдеріңді көрсетіңдер. Ал ендеше біз жазу мен тіл дамыту сабағынан білімдерімізді тексеріп көрейік.

7. Тақырып: Сөйлемдегі сөздер саны

Қазір біз сендермен қайталау сабағын, үй жұмысын орындаймыз. Үй тапсырмасын орындамас бұрын, біз сендермен буын, сөз деген ережені еске түсіреміз.

-Әріптерден не құралады? (Буын)

-Буыннан не құралады? (Сөз)

-Сөздерден не тұрады (сөйлем)

Ал енді біз үй тапсырманы орындайық. Сөйлем деген не? Сөзге сөзді қоссақ бізде сөйлем шығады.

М/ы: Тауық, әтеш, үй құстары.   Үй құстарын жақсы көремін. (Слайд)

— Балалар, бұл сөйлемде неше сөз бар? (төрт)

— Бірінші сөз қалай жазылады? (Бас әріппен)

— Сөздер бір-бірінен қалай жазылады (бөлек — бөлек)

— Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

8.Көз жаттығу.

Көзге арналған жаттығулар: Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап осылай 5 секунд тұрамыз.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

9.Топпен жұмыс істеу

-Ал, енді біз сендермен «Түймедақтағы жасырынған сөзді оқып шығайық»

Мысалы: Қ әрпіне сөздер: Құс, қарлыға, қарға, қанат, қаз, қыран

  1. Келесі сөздерді оқып шығайық. Қаз, ә-теш, үй-рек, тау-ық, күр-ке та-уық (үй құстары)
  2. Сергіту сәті (қол моторикасы)

Бас аяқты, топ-топ-топ

Алақанды сақ-сақ-сақ

Отырамыз, тұрамыз

Құстай қанат қағамыз.

-Балалар, бүгін біз 3 санын, үшбұрыш фигурасын және сөйлем тақырыбын қайталадық. Үй құстарымен таңыстық. Балалар, осымен біз сабағымызды аяқтаймыз, бәріне рахмет!

А.Т. Аужанова

Ақмола облысы білім басқармасының «ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш

балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тәрбиеші

Көкшетау қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.