Тақырыбы: « Қош келдің, Жаңа жыл»
Отызбекова Айнур Мухаммедкаримкызы
44 уркер б/б
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата — аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілекпен ортаға «Балдырған» тобының балаларын қарсалыңыздар.
Мерекеге сай безендірілген залға балалар қолдарына фонарик ұстап , музыка әуенімен кіреді.
Тақпақтар:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз. Армантөре
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағы да. Алинур
Дайындалып жаңа жыр,
Біз күттік сағына.
Жаңа жылым мол болсын ,
Басқан қадам оң болсын. Ерасыл
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы Көркем. Б
Көз тоймайды қараса.
Жылдың әнін бастайын,
Аяз — Ата кеп қалды. Ұлданай
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән. Камаль
Жақсы әкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға, Ясмин
Қош келдіңіз балалар
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріндер. Қайсар
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер
Жаңа жылым мол болсын ,
Басқан қадам оң болсын. Виталина
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Ән «Жаңа жылды қарсалайық»
Балалар орындықтарына отырады
Жүргізуші: Біздің шыршамыз көңілсіз сияқты, мерекемізде кім жетіспейді?
Балалар: — Аяз ата, Ақшақар
Шырша жағуға Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.
Залға музыкамен бақылдап бақа келеді. Қолында хабарландыру бар.
Бақа: — Тыңданыздар, тынданыздар су патшасының бұйрығы !!! Менің көңіл күйімді көтеру үшін , тез арада Ақшақармен Аяз атаны жеткізініздер.
Бақа Ақшақарды қармаққа іліп, ұстап алып кетеді.
Аяз ата: Ал балалар ондай болса менде немеремді іздеп келейін деп кетіп қалады.
Жүргізуші: Балалар, бізде бос отырмай көмектесейік Аяз ата мен Ақшақарды імерекеге қайтарайық . Ал балалар көзімізді жұмып елестетейік, біз саяхатқа шықтық. 1 2 3 көзімізді ашамыз.
Зал ортасында, әдемі орындығында су патшасы отырады.
Су патшасы: — Эй бақа, Аяз атамен, Ақшақар келдіме?
Бақа: — Ия мәртебем, бірақ Аяз ата мен Ақшақар сіздің көңілінізді көтермейміз деді.
Су патшасы ашуланып : — Немене ???
Жүргізуші: — Ондай болса су патшасы, біздің балаларымыз сіздің көңілінізді көтерсің.
Жүргізуші: Ортаға Алтын балық биін қарсы алыныздар.
Би: «Алтын балық»
Бақа: — Бақ- бақ- бақ мен сандық тауып алдым іші толған алтын екен. Бұл кімнің саңдығы болды екен?
Бала: — Ол біздің сандық, пираттар келіңдер.
Би: «Пираттар »
Жүргізуші: — Су патшасы сізге мереке ұнап жатыр ма? Көңілініз көтерілді ме?
Су патшасы: — Ия ұнап жатыр, бірақ Аяз ата мен Ақшақар жоқ, бір түрлі екен. Ай бақа , шақыр Аяз ата мен Ақшақарды. Арамызға келсін мерекені бірге тойлайық
Ақша қар мен Аяз ата әдемі музыкамен ортаға келеді.
Су патшасы: — Менің көңілім көтерілді,сендерде мерекеде бірге болындар.
Бақа ондай болса шақыр біздің медузаларымызды, бізге әдемі би билепберсін
Би: «Медуза»
Жүргізуші: — Су патшасы біздің қыздар тек би билмей әнде айту біледі.
Ән: «Ақшақар» 5 қыз
Бақа: — Жоғарғы жақта бір дыбыс естіледі.Мен барып, біліп келейін ,ой су патшасы кемемен матростар жүр екен,мүмкін оларды да мерекеге шақырамыз?
Су патшасы: — Ия әрине келсін, келсін көрейік олардың да өнерлерін.
Би: «Матрос»
Аяз ата: қандай керемет жер бетінде ғана емес су астында да осындай мереке өтеді екен. Ондай болса біз де су бетіне шығайық.
Су патшасы: — Ия дұрыс айтасын Аяз ата, Ақшақар, балалар сендерге коп рахмет келіп көңілімді көтеріп, жаңа жыл сыйлағандарын үшін. Сау болыңдар!!!
Балалар көздерін жұмады. Су дыбысы естіледі.
Жүргізуші: — Аяз Ата, біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар.
Тақпақтар:
Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді. Мирас
Әнімізге қосылып,
Бізге сыйлық береді.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың. Көркем О
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да. Айла
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны. Ағзам
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып. Санжар
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып. Адлет
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды. Аруна
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Ақ қар жапты даланы.
Ақ жамылды айнала. Данил
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып. Әбілмансур
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Тақпақтарды жаттадық
Би үйрендік, көрсін деп. Ақназар
Аяз ата шаттанып,
Бизге риза болсын деп.
Келді Аяз Аатамыз,
Қасында Ақшақары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алайық баршамыз. Нуриман
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді
Ән: « Жаңа жыл»
Аяз ата:- Керемет тамаша, жаңа жылды жарылқап, ескі жылды есіркеп жаңа жылымызды шақырайық.
Музыка әуенімен ортаға ескі жылымыз кіріп, жаңа жылға кілтін табыстайды.
Жолбарыс–ескі жыл:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
-Балалар, келе жатқан жаңа жыл – қоян жылы, Құтты болсын! Қоян жылы келе ғой. Саған жаңа жылды тапсырайын. Жаңа жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қоян : – Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі: — Қош, қош, Ескі жыл!
Аязата: — Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауылдар көп, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: — Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: — Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар……
Сөз кезегі меңгерушіге беріледі.