Шайдулла Мұхтар Рүстембекұлы,
Жалпы құрылыс факультетінің
ассистент профессоры,
Маут Динара Ибадуллақызы
Стр(РПЗС)-18-4 студенті
Мен ҚазБСҚА студенті Маут Динара Ибадуллақызы ең алдымен осы бір әлемді жайлаған аса қорқынышты індеттен арылып,бұрынғы өмірлеріңізден де керемет өмірге оралуларыңызға тілекшімін.
Мен академия өмірінде сонымен қатар спорт кешендерде өзімнің сүйікті ісім яғни спортпен айналысып жүрген жандардың қатарынанмын. Індеттің маған тигізген үлкен зияны да осы,спорт кешендердің жабылуы. Тек бұлар ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық орталықтары,сауда-саттық орталықтары, оқу орындарының жабылуы барлығымызда ұмытылмастай болып қалды. Әрине бұл шаралар жайдан-жай жасалмағанын айдан анық білеміз және куәміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші ең алдымен Алла қалауымен содан соң ауызбіршілік арқасында індеттің бетін қайтардық. Дей тұрғанмен әлі де болсын жеңілдеттірілген карантин режимін сақтаудамыз. Бұның барлығы еліміздің індеттен толық арылуымен тікелей байланысты екенін нық сеніммен айта аламын.
Бүкіл әлем мойындаған мені қатты қуантқан нәрсе:спортпен шұғылдану індеттен тез арылуға тікелей байланысты болғандығында. Дұрыс тамақтану, өзін күтіну, санитарлық ережелерді сақтауды да қоса кетсек болады. Осы жағдайды толық қамту арқылы өз жаңалығыммен қуана бөліскім келді.
Мен академияның ғана емес сонымен қатар Жаңақорған ауданы құрамасының мүшесімін. Карантин режимі жеңілдеттірілгеннен бастап аудан құрамамыз жарыс алды жаттығуға дайындықты бастап кеткен болатын. Спорт кешендері әзірге жұмысын толық бастамағандықтан, жаттықтырушыларымыздың қадағалауымен Таукент қаласына жолға шықтық.Осылайша жарыс алды дайындығымызды таулы өлкеде керемет жігерлікпен, шабытпен, болашаққа деген үлкен нық қадаммен бастадық. Ол жерде біз жаттығумен айналысудан бөлек өз арамызда жарыстар ұйымдастырып,күнделікті жеңімпаздарды анықтап отырдық. Әрқайсысымыз өз таланттарымызды көрсеттік. Сол арқылы өзіміздің жеңіске деген шабытымызды арттырдық. Тіпті бір апта уақыттың қалай зулап өткенін байқамаппыз. Барлығы әлі алда,жарыстар көп. Әлі-ақ бәрі оңалатынын өз көзімізбен тамашалайтын боламыз.