Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыру арқылы біліктілік санатына қарай еңбекақысын 30-дан 50 пайызға дейін көтере алады.
ҚР «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес магистр дәрежесі бар педагогтардың да айлық жалақыларына қосымша ақы төленетін болады.