Алтайбаева Бахыт Дуйсенбаевна,
Астана қаласы әкімдігі
№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасының тәрбиешісі
Біз бір отбасымыз
Тәрбиешілер арасындағы эстафеталық жарыс
Мақсаты:
1.«Нұрсәуле » балабақшасы ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшандыққа баулу.
2.Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыруға.
3.Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Күш қуат пен сергіткіштікті дамыту.
Қажеті құралдар: Түрлі –түсті жалаушылар, конустар, доптар, обручтар, қаптар, ракеткалар.
Сайыстың барысы : спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Құрметті әріптерстер, балабақша педагогтары және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі « Біз бір отбасымыз» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Міне, бүгінгі балабақшаның тәрбиешілері мен мамандары қатысуымен өткелі отырған « Біз бір отбасымыз» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру Шеңберге турып, дем алу жаттығуын орындау.
Жүргізуші: Бәрекелді!
Жүргізуші: Денсаулық басты байлық. Деніміз сау болу үшін, деніміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек.
Ал ең алдымен әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
1.Балабақша
2,Балабақша
3,Балабақша
Ал, қане алдымен «Балауса » және «Раушангүл » тобы болып екі топқа бөлінейік. Жарыстын бөлімдерін сіздерге айтып өтейін.
1.Сәлемдесу
2.Топтың аты
3.Топтың ұраны
4.Топтын формасы
5.Топтың төс белгісі
Жүргізуші : Жарысымыз 7 кезеңнен тұрады
- « Кім бірінші»
- «Кім жылдам»
- «жұлдызды құрт»
- «теннисшілер»
- «Қаппен секіру »
- «Доптарды тасу»
- «Капитандық сайысы кім жылдам?»
Жүргізуші : Тәрбиешілер сайысымызды бастамас бұрын әнұран орындайық.Жарайсыздар!
Кезең. Екі команданың сәлемдесуі (ұраны, топ капитанын сайлау
1«Балауса» тобына жалынды сәлем!
2«Раушангуль» тобына жалынды сәлем!
2.кезең
Көк аспандай көкпенбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тек тектен тек,
Елдің ашық қабағы деп « Кім бірінші» ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: допты алып , шығыршық ішіне қойып келесі ойыншы келесі допты апарып артқа басқа допты алып келу
3.кезең
Жүгір, жүгір, желмен жарысып ,
Жүгір желмен жарысып
Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс ұлан –деп «Кім жылдам?» сайысына кезек берелік
Ойын шарты: тюбингтермен жарыс. Берілген конустар арасымен жылынша өту.
3. «Жұлдызды құрт»
Ойын шарты: Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша конустарды доптарды конус астына салып жүгіріп келу, келесі ойыншы салған доптар орнына қойып шығу.
4. «Теннисшілер»
Ойын шарты: Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге ракета қойып допты қойып құлатпай кедергілер арасымен жүру.
5. «Қаппен секіру »
Ойын шарты: Сайыскерлер белгіленген жерге қаппен секіріп артқа жүгіріп келу.
6. «Доптарды тасу»
Ойын шарты:Кедергілер арасымен белгіленген жердегі доптарды тасу.
7. «Капитандын сайысы кім жылдам ?» әр топтың капитандары бір маманды арқалап кедергелерден жүгіріп өту керек .
Жеңімпаздарды марапаттау
Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қортынды сөз кезегі беріледі. Командаларға мақтау қағаздарын ,сыйлықтар табыс етіледі
Керемет. Сәттілік
Сәттілік!
Керемет. Еңбектеріңіз арта берсін✨
Керемет, сәттілік