Дахай Ботагоз Увлейханқызы
Целиноград ауданы, Арайлы ауылы,
«Арайлы» жалпы орта білім беру мектебінің
ағылшын тілі мұғалімі
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың ағылшын тілі сабағында ағылшынша сөйлеуінің маңызы зор. Бірақ қазіргі таңда, оқушылардың жалпы арнаулы сұрақтарға жауап беруінде қиыншылықтарға тап болып, оларға өз сөзімен, еркін жауап бере алмайтынын байқаймыз. Оқу білімінде оқушының сөздерді есте сақтап, оны іс-жүзінде қолдана алуына мұғалімнің ұйымдастырған іс-әрекеті, оқушыға жасалатын арнайы, жеке әдіс-тәсілінің маңызы ерекше орын алады. Қазіргі заман талабы-жан-жақты дамыған-функционалды сауатты тұлғаны тәрбиелеу болғандықтан заман талабына сәйкес оқыту әдістері де әртүрлі форматпен және технология әдіс-тәсілмен жүзеге асырылуы тиіс. Ендеше, осы оқушылар қабілеттерін дамытуға қандай әдіс-тәсілдер, технологиялар пайдалануымызға болатыны туралы айтсақ.
Қай тілді алып қарасақ та, тіл үйренуде-лексиканы меңгерудің рөлі ерекше. Онсыз оқушылар өз сөздік қорын қалыптастыра алмайды. Егер сөздік қор болмаса, тұлға бойында ағылшын тілінің де айтылым дағдысының өскенін көре алмаймыз. Ағылшын тілі сабағында оқушының сөздік қорын байытып, есте сақтауына зор ықпалын тигізетін әдіс-технологиялар: plickers, wordwall, адасқан әріптер, тиісті орынға сөз қою (fill in gaps) деген әдістерді қолдануға болады.
Сабақты қызықты өткізу мақсатында ағылшын сабағында warming-up немесe brainstorming (ой шақыруға)-«Star»-(«Жұлдыз») әдісін қолдана аламыз. Жұлдыздың әр шетіне белгілі бір ғана қызықты сөзді жазып, соның нені білдіретіні жайлы сөз қозғауы керек. Бұл әдісте оқушылар тек қана тілдесіп, сөйлеп қана қоймай, сабаққа деген зейіндік эмоциональды қызығушылықтары да ашылады. Ағылшын тілінде оқушының дұрыс сауатты сөйлеуіне, берілген сауалға өз ойларын білдіруге үйрететін әдіс бірі-диалог. Мысалы: шеңбер бойында белгілі бір тақырыпқа сай сұрақ жазып, оны бір-бірлеріңе доп сияқты беруі, «Қар кесегі» ойының жүргізу арқылы іске асыруымызға болады. Сонымен қатар көрнекілік «Додекаэдр» әдісін қолданып та, оқушының сөйлемді өз ойымен жалғастыруы, оқушының ойлау мен айтылым дағдысын дамытады. Тілде сөйлеу дағдысын дамытып, сөздік қорды байытып, сөздердің дұрыс дамытуына өз ықпалын тигізетін материалдар бірі-ән айту, қысқа метражды кино көру. Бұл сөз тіркестерінің орынды қолдануында, дұрыс айтылуына, әрі аудиовизуальды, есту, көру қабілеті арқылы қабылдайтын оқушыларға қолдануға таптырмас іс-әрекет. АКТ технологиясы “Wordwall spinner” сайты арқылы (Кездейсоқ сұрақ қою) арқылы оқушылардың жауаптарын естуге болады. Оқушының танымдық қызығушылығын, шығармашылық ойлау белсенділігін дамытып, сабаққа деген көңіл-күйін көтереді.
Қорыта айтқанда, оқытуда инновациялық технологияларды қолдану, озық тәжірибелерді, жаңашыл педагогикалық көзқарастар мен әдіс-тәсілдерді қолдану, білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетуіне өз көмегін береді, әрі ағылшын тілінде оқушының тек айтылым дағдысын ғана дамытуға емес, әрі естілім, оқылым, жазылым дағдаларын дамытуға өз әсерін тигізеді.
Ботам шығармашылық табыс тілеймін!
Еңбегіннің жемісін көр!
Бота Увлейханқызы өте жақсы ойды қозғап жатырсыз! Бізге де осындай көздері ашық,көкірегі ояу жастар қажет!
Өте пайдалы ақпарат! Сабақты қызықты өткізуге арналған әдіс-тәсілдермен бөліскеніңізге рахмет!
Ботам жұмысына сәттілік алда көп мақалалар жаз. Жұмысыңа табыс биіктен көріне бер!
Ботақаным жарайсың,іске сәт, шығармашылық табысың мол болсын,биік белестерді бағындырып,озық ойлы шәкірттерің мол болсын,жаңашыл жас жігерің шыңдала берсін,жаңа технологиялар арқылы ,өз іс -тәжірибеңді бөлісіп ,жатқанының өзі шыңдалып жатқаның,шәкірттерің жеңіс тұғырына көтеріле берсін,ата -аналар алғысына, бөлене бер жаным!
Бота жарайсың ! Жұмысың табысты, шәкірттерің озық ойлы, білімді болсын! Биік белестерден көрініп, үлгілі, шығармашыл, жаңашыл ұстаз болуыңа тілектеспін! Іске сәт!
Жарайсыз,жас маман👍Шығармашылық табыс тілеймін. Дарынды шәкірттерің көп болсын.
Ботагөз ,сені алдағв уакытта бұдан да үлкен белестерден коріне бер. Саған жұмста табыс тілейм, енбегіннің жемісін коре бер.! Біз сенімен мақтанамыз👍🏻
Мақалаңыз жүйелі, түсінікті жазылған екен. Ағылшын тілінде айтылым дағдысының алатын да, қолданатын әдіс-тәсілдері қазіргі заманауи методпен жасалғаны қуантады, тамаша жұмыс!
Ботагоз , мақаланыздағы әдістер оқушыларға пайдалы тұсынан әсер етеді деп ойлаймын. Әрине сіз ұсынған тәсілдер оқушының дағдысын ғана көтеріп қоймай , сабаққа деген ынтасын да арттыра түседі. Өте пайдалы ақпарат болды. Шығармашылығыныз шыңдала берсін.
Бота жаным шығармашылық табыстарын көп болсын.еңбегің жемісін көр
Аман жүр
Жарайсыз, шығармашылық табыс тілеймін.
Жаңа методикалар балалардың тіл үйренуге деген қызуғышылығын артыра түседі , жас мамандар бұл миссияны жақсы орындауда деп ойлаймын. Ботагөз тек алға!
Бота Ұстаздық еткен жалықпас ,үйретуге балаға, Ағылшын пәні жастарға өте қажет, жұмысыңа шығармашылық табыс тілеймін, Сіздей жас маман еліміздің болашағы , Қазақстанның көркеюіне үлес қоса беріңіз
ruslanhasenov6@gmail.com
Ботагөз апай керемет жаздыңыз
Өте керемет! Өте жақсы айтылған.
Ботагоз Уалиханқызы жұмысыңыз керемет, әдіс тәсілдеріңіз жас мамандарға қолданатын методика екен
Өте жақсы айтылған , жалпы методиканыз жақсы 👍🏻 оқыту әдістемесі бәрі керемет
Бота жарайсың!Шығармашылық табыс тілеймін.Жұмысыңның жемісінің көріп аман жүр
Ботагоз апай оте жақсы мұғалім,сабағы ашық бәрі түсінікті мыұты ұстаздардың бірі
Ботқан іске сат тек алга жұмысынан шығармашылық табыс тілеймін үлгілі ұстаз болуна тілектеспін білімді шәкіртінің коп болсын аман жүр
Ботқан іске сат тек алга жұмысынан шығармашылық табыс тілеймін үлгілі ұстаз болуна тілектеспін білімді шәкіртінің коп болсын аман жүр
Жас мамандар үшін креативті әдіс-тәсілдеріңіз көп екен, рақмет өз сабағымда менде қолданамын.
Бота иске сат, алга койган армандарин орындала берсин, енбегиннин жемисин кор. Тек алга.
Жарайсың Бота! Іске сәт! Еңбегің жана берсін! Қанатың талмасын жас маман!
Бота жумысынан шығармашылык табыс тілеймін Білімді білікті шәкiртерiн көп болсын Тек алға.
Өте қызықты ақпарат! Керемет әдіс-тәсілдер!