Аманкосова Айгул Закиржановна
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы
«Алтын кілт» бөбекжай балабақшасы
балабақша тәрбиешісі
Ойын: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу. Ермексаз кесектерінен жаю тәсілдерін пайдалана отырып, гүлді мүсіндеуге үйрету. Жапсыруда қағазды түрлендіру әдістерін умаждау арқылы қолдану. Суреттегі үлгісіне қарап, өз бетінше құрастыруға қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салды. Ермексаз кесектерінен жаю тәсілдерін пайдалана отырып, гүлді мүсіндеді. Жапсыруда қағазды түрлендіру әдістерін умаждау арқылы қолданды. Суреттегі үлгісіне қарап, өз бетінше құрастырды.
Керекті құралдар: Гүлдер, көбелектер, ермексаз, түрлі түсті қағаз.
Кіріктірілген дағдылар: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, коммуникативтік дағдыларды дамыту. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс – әрекеттерін дамыту. Математика негіздері, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.
Қолданылған әдіс- тәсілдер: Мантессори әдісі,топтастыру әдісі, ойын.
Жүру барысы: Балалар апайлармен амандасады. Балалар бүгін ерекше күн. Бізге апайлар қонаққа келіп отыр. Қане балалар апайлармен амандасайық Сәлеметсіздерме!
Шаттық шеңбері:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Ертегі көрсетілді. «Гүлдер қалай тараған?»
Тәрбиеші: Балалардың қолына жіп тағылған көбелек таратылып беріледі. Балалар көбелек қалай ұшады білесіңдерме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ендеше көбелегімізді ұшырайықшы. Қолымыздағы көбелегімізді үрлейік. Жарайсыңдар балалар!
Балалар қолымыздағы көбелегімізді жерде өсіп тұрған гүлімізге қондырайық, бәріміз көбелек болып ұшып барайық. Түстеріне қарай орналастырамыз.
Балалар 4 топ бөлінеді.
1 топ . Дәстүрден тыс сурет салу.
Гүл оюының суретін файылдың ішіне салып, гуашпен саусақ арқылы суретін бояу.
2 топ . Дәстүрден тыс мүсіндеу
Гүлдің сабағының үстіне ермексазды қойып, күлтешесін шанышқы арқылы тартып безендіру.
3 топ. Түрлі –түсті қағазды умаждау арқылы көбелекті безендіріп жапсыру.
4 топ. Фетра мата арқылы көбелекті құрастыру.
Балаларды мадақтау.