Қарттар – ұлттық құндылықтарды, мәдениетті, салт-дәстүрді, тамыры терең тарихты, ана тілін сақтаушылар.
Қазыналы қарттарымыз ақыл-кеңесімен, өмірлік тәжірибесімен, үлгі тұтар даналығымен елге, жас ұрпаққа үлгі болып, олардың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Қарттарды қастерлеу, құрмет көрсету — қазақ халқының ежелден келе жатқан ата салты.
![]()
![]()
Осы мақсатта 1 қазан -халықаралық қарттар күні қарасаңында Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп- гимназиясының 9′ А», 8 «А» сынып оқушылары мерекелік іс-шара ұйымдастырып, ән мен күйден шашу шашып, қарттарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Бүгінгі өскелең ұрпақ қарттардың ақыл -кеңесіне құлақ түріп, өмірлік тәжірибесін бағалап, олардың ұлағатты даналығын ескергенде ғана болашақтары жарқын, келешектері кемел болмақ.
![]()
Әрбір қарт адамның өмір жолы, көрген қиындықтары, жеңістері мен жетістіктері жас ұрпаққа сабақ болуы тиіс.
Мерекелік іс-шараға келген Ұлжан ықшамауданының қазыналы қарттары өскелең ұрпаққа ата салтын ардақтап, үлкенді құрметтеу -адами құндылықтардың өзегі екенін түсіндіріп, ұлағатты өсиеттерін айтты.
![]()
Қарттарды құрметтеу, олардың өмірлік тәжірибесін бағалау – әрбір жасөспірімнің міндеті. Бұл дәстүрді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу арқылы біз еліміздің болашағын жарқын ете аламыз.
Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:
Оспанова Ақбота Ахметжанқызы,
Устемирова Айнұр Нүсүбаліқызы
