2756 МОНОБЛОК ЖӘНЕ 1200 НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
баспасөз қызметі
Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облысындағы мектептердің теңгеріміндегі 25,3 мың компьютер аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді. Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен 2030 дана планшет алынып, мектептерге таратылған болатын.
2020 жылдың 23 қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Barys system» компаниясы 2756 моноблок және «Best buy 01» компаниясы 1200 ноутбук жеткізді.
Облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері компьютерлік техникаларды жеткізу және тарату бойынша жұмыстарға қатысып, моноблоктардың техникалық сипаттамаға сәйкестігін текстерді.
Компьютерлік техникаларды сатып алу, тарату жұмыстары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті және «Адалдық алаңы» жобалық офисінің тікелей бақылауында.
Білім бөлімдеріне таратылған компьютерлік техникаларды мектептерге бөлу және тарату бойынша жұмыстарды «Адалдық алаңы» жобалық офисінің аудандар мен Тараз қаласындағы өкілдері толық бақылайтын болады.