«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы “Мектепке жол-жақсылық жаса» тақырыбымен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №207 мектеп-лицейдің дәлізінде ақпараттық тақта қойылып, мектеп сайты мен әлеуметтік парақшаларына акцияның мақсаты мен демеушілерді тарту бойынша хабарландыру жарияланды. Акция аясында жеке кәсіпкер Абжаппарова Сания Қанатқызы 11 оқушыға рюкзак және оқу құралдарын сыйға тартты.
Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Мектеп-лицей директоры А.Сейдекәрімқызы сыйлықтарды табыстау барысында оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
№207 мектеп-лицей әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреді.
N207 мектеп-лицей әкімшілігі