Home » Мақалалар » Ынтымағы жарасқан Қазақстан

Ынтымағы жарасқан Қазақстан

Мурзагалиева Гульзира Нигметуллиевна
Батыс  Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Есенсай ауылы
Есенсай жалпы орта білім беретін
мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 

Мақсаты:

а) Білімділік:  Оқушыларға біздің елімізде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің бірлігін, достығын оқушылардың бойына сіңіру. Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды еліміздің бірлігін биік ұстауға, оны мәңгілікке сақтай білуге үйрету. Ұлттық мәдениетіміздің нәрімен сусындатып, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге, мемлекетіміздің достығын, бейбітшілік қарым-қатынасы мен тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Мұғалім:
Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы — аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, — деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз — Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елбасы, Туы, Әнұраны бар.
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын.
Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты
Жарқырайды күніміз
Жадырайды жанымыз
— Сәлеметсіздер ме балалар?
-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты. Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге, ұстаздарымызға жылы лебізімізді арнайық..
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1) «Сәлем-сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» қай халық болмасын, қай ел болмасын бір-бірімен жылы мейірман, кеңпейілділікті, достастықты өзара жақындықтарын білдіріп, амандық саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі сәлемдесуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт бір-бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Олай болса әр елдердің бір-бірімен қалай сәлемдескеніне куә болайық.
Қазақ елі қашанда жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді,
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
2) Әр ұлт өз елдерін таныстырып өтсе.
Ән. Қазақстан туралы
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
3) Әр ұлт өкілдерінің   билерін тамашалайық
Келген қонаққа сөз кезегін беру
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
4) Әр ұлт өкілдерінің    ұлттық тағамдарына кезек берейік .
5) Әр ұлт өкілдерінің   ұлттық ойындарына кезек берейік
6) Шығармашылық  жұмыс:
Үй тапсырмасы:
— Біздің елімізге  сендерге  сонау Ресей, Өзбек елдерінен  қонақтар келді. Сендер сол қонаққа біздің елімізді сурет арқылы қалай таныстырар  едіңдер? Оқушылар өздіктерінен шет елден келген қонақтарға  елімізді таныстырады
«Қазақ еліне  тілегім»
Гүл, күн, көгершін, жалау, күн  суреттерін үлестірмелі түрде тастайды. Орыс, өзбек ұлт өкілдері  өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Марапаттау.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ән «Атамекен»
Жүргізушінің қорытынды сөзі: Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату-тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
«Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.