Жанбулатова Нурзия Назуллаевна
Ақтөбе қаласы
Ақтөбе сервис колледжінің
өндiрiстiк оқыту шебері,
Қазіргі заман оқытушыдан тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық пен әдістемелік сауаттылықты талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана оқу мен тәрбиелеу міндетін толық атқарады. Мақалада «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» саласы бойынша педагогикалық тұжырымдар ұсынылады.
Адамның болашағы оның алған біліміне, ғылыми таным қабілеті мен белсенділігіне байланысты. Қоғамдағы жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Республикамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын әлемдік деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің әр саласында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын азаматты қалыптастыру, құзіретті тұлға, белсенді маман даярлау мәселесі өзекті, әрі күрделі болып отыр. Сервис колледжінің өндiрiстiк оқыту шебері ретінде қоғам мен тұтынушы сұранысын есепке ала отырып, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеміз.
«Тігін өндірісі және киімді модельдеу» саласы білім алушылардың математика, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін синтездеу арқылы өндірісте, энергетикада, байланыста, ауыл шаруашылығында, жеңіл өнеркәсіпте, транспортта т.б. бағыттарда пайдалану жолдарын меңгеретін негізгі ғылым болып табылады.
«Тігін өндірісі және киімді модельдеу» кәсіби стандарты кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге ықпал етеді.
Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір-бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:
Суретші-сәнгер – киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе-теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай-ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.
Суретші-құрастырушы – сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.
Тігін өндірісінің технологы – сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.Тігінші – тігін операцияларын орындайды.
Модельдеу – таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл – сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.
Көркем модельдеу – модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші-сәнгер айналысады.
Техникалық модельдеу – эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер — құрастырушылар айналысады.
Кез келген сәнгердің жұмысы: «кім үшін – не үшін – неден» деген формуладан басталады.
Оқытушылық тәжірибемде төмендегі жұмыс түрлерін қолданып, өзімнің әдістемелік шеберлігімді шыңдадым.
Шағын лекциялар. Шағын лекциялар теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыда тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды. Материалды қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндап, әрбір терминге анықтама ұсынамын. Шағын лекцияларды интербелсенді режімде өткізген тиімді, қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында оқытушы қатысушылар бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін оқытушы бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды.
Жобаны әзірлеу. Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады. Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар. Білім алушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.
Бейнефильмдерді көру және талқылау. Сабақтарда оқу мақсатына сай көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.
Кері байланыс. Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Тренинг. Оқудың интербелсенді әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу үдерісіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады. Тәжірибеде тренингтерді конструкторлау қызметінде жиі қолданамын.
Қазіргі кезеңде өнеркәсіпте киімді конструкциялау үшін конструкторлық Құжаттардың Бірегей Жүйесі бойынша іске асырылады. Ол бес кезеңнен тұратын жобалау-конструкторлық жұмыстардың құрылымын анықтайды.
Бірінші кезең – техникалық тапсырмаларды жасау. Бұйымның мақсаты, сапа көрсеткіштері, қажетті конструкторлық құжаттардың жасалу кезеңтары, олардың құрылымы, сонымен қатар бұйымға қойылатын талаптар көрсетіледі.
Екінші кезең — ұқсас-модельдер қатарын талдау немесе ұқсас немесе бір мақсатта қолданылатын бұйымдарды талдау барысына негізделген техникалық ұсыныстардыжасау. Жоғары сапа көрсеткіштері бар ұқсас-модельдер қатарын жасау туралы ұсыныстар жасалынады, модель серияларының ерекшелігі мен модельдердің алдыңғы қатарлы түрлерін жасау туралы ұсыныстар беріледі.
Үшінші кезең – эскиздік жоба жасау – бұйымның негізгі параметрлері мен конструкциясы туралы жалпы мағлұмат беретін принципиалды конструктивті шешімдегі эскиз жасалынады.
Төртінші кезең – модельдің техникалық жобасы жасалынады. Техникалық жоба – жобаланатын бұйым туралы (негізгі бөліктер конструкциясының сызбасы) конструкторлық құжаттардың жиынтығы, сонымен қатар жобаланатын бұйымдардың құрылымын анықтайтын негізгі конструктивтік түйіндердің технологиялық картасы.
Бесінші кезең – жұмысшы (конструкторлық) құжаттарды жасау. Қазіргі кезеңде бұл жұмыс пішім кешені берілген техникалық суреттемемен шектеледі. Жоғарыда аталған жұмыстар осы кезеңдер аясында көрініс табады.
Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеуге оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолдана отырып білім алушылар төмендегідей жұмыс жасау мүмкіншілігіне ие болады:
— Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
— Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
— Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
— Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
— Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
— Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Колледжімізде сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалынынып, негізгі материалды-техникалық база, қазіргі заман талабына сай компьютерлік технологиялар, бейімді зертханалар, жаңа экспонаттар толықтырып көрсетіліп отыратын көрме залы бар. Кафедрамыздың оқытушылық құрамы өзінің тәжірибелігімен ерекшелінеді, өз мамандығына деген сүйіспеншілік пен жас ұрпаққа білім беру – оқытушылық қызметіміздің басым бағыты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кенжебеков Б.Т. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі// Бастауыш мектеп. – 2004. – №7. – 15-19 бб.
Г.Мауленова, Д.Амандыкова «Тігін бұйымдарының материал тануы» Астана-2010.
КулешоваТ. Киімдерді дайындау технологиясы, Фолиант – 2011.
Савостицкий А.В., Меликов Е.Х. Тігін бұйымдарының технологиясы . – М, 2006.
http://refleader.ru/jgebewqasatyjge.html