Home » Балабақша » Мектеп жанындағы «Smart students» жазғы лагерь ашылуы өткізілді

Мектеп жанындағы «Smart students» жазғы лагерь ашылуы өткізілді

«27-мамыр — күні » Алматы қаласы Түрксіб ауданы»№203 ЖББМ» КММ «Бақытты балалық шақ!» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларына «Smart students» жазғы лагерьінің ашылуы салтанатты іс-шарасы өткізілді.
    
«Smart students» жазғы лагерь ашылуы салтанатты жиынымызды мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Арайлым Болатқанқызы және бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Саниям Курванжановна мерекелік іс- шараны ашып беріп, балаларға ізгі тілектерін білдірді.
✅Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, мектепке мультфильм кейіпкерлері: Бэтмен, Кукла Лол, Хаги-Ваги келді. Балаларға тосын сый ретінде балмұздақтар таратылды.
✅Лагерьдің мақсаты:
   
«Smart Students » мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру.
Оқушылары жазғы демалысты ойындар мен эстафеталармен, виртуалды саяхаттармен қызықты өткізіп, жаңа нәрселерді үйренеді.
    
#Аудандықбілімбөлімі
#қосымшабілімберу
#халықаралықбалалардықорғаукүні
#мектепжанындағылагерь

Алматы қаласы Түрксіб ауданы
«№203ЖББМ»КММ»
бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Сания Алибеккызы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.