Home » Балабақша » Алматы — біздің  ортақ үйіміз

Алматы — біздің  ортақ үйіміз

Алматы  қаласы   Алмалы  ауданы
30 бөбекжай балабақшасының
 “Қарлығаш”ересек топ тәрбиешісі
Ибадуллаева Гулсулу Абдуллаевна
және тәрбиеленушілері
”Құлыншақ”ортаңғы топ тәрбиешісі
Молдашова Закира Нурлановна
және тәрбиеленушілері

       Алматы біздің  ортақ үйіміз

Халықаралық білім беру кеңістігінде болып жатқан үдерістер балалардың ішкі әлеуетін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Білім парадигмасының инновациялық тенденциялары  әртүрлі факторлардың әсерінен толығуда. Соның бірі баланың табиғатқа, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын, табиғи байланысын дамыту болып табылады. Бала табиғаттың құндылықтарына бейімделу арқылы өзінің рухани мүмкіндіктерін, экологиялық мәдениетін қалыптастырады. Адам-табиғат-қоғам арасындағы сабақтастық бүгінгі білім беру жүйесінің интеграциялық байланысын, адам мен табиғаттың шынайы үйлесімділігін, экологиялық мәдениетін жетілдіруді қажет етеді. Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Техникалық прогресс дамыған сайын табиғатқа деген адамның үстемділігі артуда, бұл табиғи апаттардың туындауына себеп болады. Сондықтан да адамзаттың табиғатқа ерекше қарауы маңызды. Себебі адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Қазақ халқы наурыз айын жаңару мен жаңғырудың  бастауы деп білген. Осы кезеңде халқымыз айналасын тазартып, ретке келтіріп, өз ұрпағын табиғатты аяулауға үйреткен. Осыған орай халқымызда ойлы сөздер қалған. «Туған жер -алтын бесігім», «Ауылым-алтын бесігім», «Отан- отбасынан басталады» деген мақал-мәтелдері табиғат пен адам арасындағы гармониялық байланысты дәлелдейді. Дала өркениетінде өмір сүрген халқымыз табиғаттың тылсым дүниесін жүрегімен сезінген. Тәрбиенің алтын бесігіне айналған еліміз үшін жас ұрпақтың экологиялық дағдысын қалыптастыру маңызды.

Қазақ даласының табиғи үйлесімділігінен туған бұл заңдылықтар, халқымыздың алтын қағидасына айналған. Сондықтан да табиғаттың тылсым өмірімен етене жақын өмір сүрген халқымыз үшін табиғаттың тылсым күштері, табиғи заңдылықтар маңызды. Көшлелі өмір сүрген қазақ халқы табиғат мезгілдеріне байланысты өздерінің өмір сүру дағдыларын өзгертіп отырған. Табиғаттың тылсым дүниесіне сеніп, оның өзгерістерін болжап отырған. Табиғатқа қамқорлықпен қарап, денсаулыққа қажетті таза, табиғи өнімдермен қоректенген. Бұл адам экологиясының дала өркениетіндегі орнын көрсетеді.

Қоршаған ортаның инфроқұрылымдарына жауапкершілікпен қарау, экологиялық тәрбие беру, киелі мекенді ортақ құндылыққа айналдыру  мақсатында «Алматы-ортақ үйіміз» атты науқан өткен болатын.  Туған жерге деген сүйіспеншілік — табиғатты сүюден басталады.

Әсем табиғаты мен биік тауларына талай жанды ғашық еткен, көптеген адамдардың мекеніне айналған Алматының табиғатын ешнарсемен салыстыруға болмайды.

Қорыта айтқанда «Алматы — ортақ үйіміз» тақырыбында ұйымдастырылған  бұл шараның маңызы зор. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.