Home » Мақалалар » Балалар ойыншығын қалай таңдау керек

Балалар ойыншығын қалай таңдау керек

Балаларға арналған ойыншықты таңдау – әрдайым аса қызықты, өте маңызды әрі жауапты іс. Баланың дүниетамының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау  баланың ең маңызды ісі болып есептеледі. Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты. Бұл ретте ойыншық балаға ұнап, оның көл-көсір қуанышы мен эмоциясын тудырып қана қоймай, оның жасына сай болуы, қауіпсіз болуы, көптеген нормативтер мен стандарттарға жауап беруі керек.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында өңделетін барлық ойыншықтар балалар үшін қауіпсіз және талаптарға сай болуы керек. Балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының техникалық регламентімен нормаланады.

Балаларымызға ойыншық сатып алғанда неге назар аудару қажет? Ойыншық таңдар кезде ең алдымен жапсырмаға назар аударыңыз. Онда мынадай ақпараттар болуы тиіс:

1)  өнімнің атауы;
2) Қазақстан Республикасының нарығында өнімді орналастыратын дайындаушының және (немесе) тұлғаның заңды мекен-жайы көрсетілген толық атауы;
3) ойыншықтың фукционалдық мақсаты немесе оның қолданылу аясы;
4) негізгі тұтынушылық қасиеттері және (немесе) сипаттамалары;
5) сәйкестік белгісі;
6) пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
7) ойыншықты пайдалану кезінде ықтимал қатерлер және жасына қарай шек қою туралы ескертулер.

Ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігіне күмәнданатын болсаңыз, сондай-ақ сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестік туралы сертификатты сұрауға құқығыңыз бар!

Жетісу ауданы СЭББ басшысы Сисенов Д.А.
Бас маман Жарқымбаева Д.М.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.