- Қауіпті жұқпалы инфекцияларының алдын алу шаралары өткізу:
Тырысқақ – қой эритроцитімен гемолизденбейтін және холероген шығаратын, тырысқақ вибриондарынан туындаған жұғу дәрежесі жоғары, организмнің сусыздануымен, уланумен және гастроэнтеритпен, су-тұз, белок алмасуының бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін антропонозды бактериялы инфекциялық ауру. Тырысқақ қауіпті жұқпалы аурудың адамдар ішіндегі карантинді топ аурулардың бірі.Жоғары жұқпалылық дәрежесімен және жоғары өлім-жітімдікпен сипатталатын инфекциялық ауруларлардың бірі.
Аурудың алғашқы белгілері. Тырысқақпен ауырған адамның іші өтеді, кейіннен жеңіл қалтырау, әлсіздік, асқа тәбеті болмау, аздап шаршаңқылық,бас айналу пайда болады.Науқаста қайталамалы құсық, іш өткен сайын адамның жағдайы ауырлай түседі.
Таралу жолдары. Тырысқақ жұқпалы ішек ауруы, су, тамақ және тұрмыстық жолдарымен таралады.
Клиникасы. Тырысқақ ауруының жұғу мерзімі бірнеше сағаттан 5 тәулікке дейін созылады, жиі 2-3 күнге дейін барады.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жылдың маусымына қарамастан:
1) сусыздану белгілері болатын құсу, сұйық диареясы бар ЖІИ-мен ауыратын науқастар (бұлшықеттің тартылуы, дененің босауы және басқалар);
2) этиологиясы белгісіз ЖІИ-дан қайтыс болғандар тырысқаққа тексерілуге жатқызылады.
Эпидемиологиялық айғақтар бойынша Қазақстан Республикасында мыналар тексеріледі:
1) барлық ЖІИ-мен ауыратын науқастар;
2) тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген босқындар;
3) осы инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтар және келген уақыттан бастап бес күн ішінде ауырған адамдар;
4) тәуекел топтарына жататын адамдар.
Алдын алу шаралары: Жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуу қажет. Осындай қарапайым ережемен Сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз. Ауру жұқтырмас үшін, маңызды гигиеналық дағдыны әдетке айналдыру керек – суды тұтынар алдында кішкентай бір күдігіңіз болса, оны міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.Ал ең кішкентай нәрестелерге келсек, оларды аурудан сақтау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді, оларды күту кезінде: баланы әрбір тамақтандырар алдында және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуукерек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстау керек.
Жетісу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшы Сисенов Дархан Алдонгарович
Жетісу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
Джурунова Қарлығаш Серіковна