Home » Мақалалар » Вирустық гепатит «А»

Вирустық гепатит «А»

Сары ауруы жұқпалы ауру екендіген бәріміз білеміз. Аурудың алғашқы белгілері анықталған жағдайда адамдарда жүрек айну, құсу, дене қызуы жоғарылап, тәбеттің жоғалып, оң жақ қабырға асты ауырлап және ауырсынуы басталатындағын ескере бермейміз. Яғни осындай күй 3-7 күн сақталып тұрады. Кейінірек тері мен сілемейлі қабаттары сары түске бояла бастайды. Зәрдің түсі өзгеріп, үлкен дәреті ағарады. Аурудың ұзақтығы ауырлық дәрежесіне байланысты 35 күнге дейін созылады.

Балалар арасындағы сары ауруға шалдығушылық көбіне күз мезгілінде, яғни жеміс-жидек пісіп, балалар мектепке, балабақшаға толықтай бара бастаған уақытта көбейедіАуру-сырқауға шалдығушылықтың өсуі қыркүйек-қазан айларында байқалып, қыс бойына жалғасады, себебі осы мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп сыныптарында жаңа топтар құрылады, сондай-ақ ауру жұқтыру бір бірімен арқылы да өтеді.

Вирустық гепатиттен «А» қалай сақтануға болады? деген сұраққа жауап іздеп көрейік!!!
Вирустық гепатиттен «А» сақтанудың қарапайым жолдары болып келесі шараларды айтуға болады:
жеке бас гигиенасын қатаң сақтау (тамақтану алдында дәретханаға барғанан кейін міндетті түрде  қолды сабындап жуу);
қауіпсіз суды пайдалану (қайнатылған немесе бөтелкедегі);
жақсылап термиялық өндеуден өткен тағам өнімдерін пайдалану;
жеміс-жидектерді пайдалану алдында мұқият таза сумен жуу;
шомылуға арналған жерлерде ғана шомылу.

Бірақ жоғарыда аталған шаралардың барлығын орындағанның өзінде, аурушандықты 30-50% ғана төмендете аламыз. Сол себепті көптеген дамыған елдердің өзінде де  санитариялық-гигиеналық шаралардың барлығы орындалса да,  аурушандықтың тіркелуі жалғасуда.

Негізгі вирустық гепатиттен «А» сақтанудың жолы ол – екпе алу. Қазіргі таңда осы аурумен күресудің  ең тиімді жолы – екпе алу болып саналуда.

Осыған орай, 2 жасар балаларды аталған вирусқа қарсы егу шаралары жоспарлы түрде өткізіледі. Кейін 6 айдан соң ревакцинация жасалады. Көпке дейін иммунитеттің сақталуы үшін, үзбей екі екпені де алған дұрыс болып табылуда.

Екпе алу тұрғылықты мекен жайы бойынша  жергілікті емханалар мен медициналық орталықтарда жүргізіледі.

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болатындығын ескерте отырып, өз денсаулығымыз байлығымыз екендігін ұмытпауымыз қажет екенің Сіздерге Алатау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері кеңес береді!!!

Алатау ауданының
 санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
бас маманы Д.Рахымбаева  

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.