Home » Мақалалар » Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

            Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Искакова Жадыра Канатбаевна


  Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді, Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі – мемлекеттік рәміздер.
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қабылдады.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп — өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күн астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран, ол мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы бар. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айту өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халықтың өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы, елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Барша қазақстандықтарды еліміздің маңызды мерекесі  мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, көк тәңірдің сыйы – көк туымыз, елдіктің нышаны – елтаңбамыз, әлемге танытар – әнұранымыз асқақтай берсін дегім келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.