Қарақия ауданы,
Құрық ауылы
«№1орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Тайыр Балсұлу Марксқызы
Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Қашықтан оқыту (ҚО) – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беруде қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады. Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Ақпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы — оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл — басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді: Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар — берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
Оқуға қол жетерлік. Қашықтықтан оқыту қандай да бір объективтік себептерге байланысты дәстүрлі оқыту формасын қолдана алмайтын адамдар тобына арналған. Осындай топқа, мысалы, денсаулығы жағынан шектелген адамдар, жұмыспен оқытуды біріктіретін немесе Қазақстанның регионында халықаралық немесе астаналық оқыту орындарымен салыстырарлық оқу орындарының жетіспеушілігі. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту формасын Қазақстанның әйгілі жоғары оқу орындарында оқығысы келетін, бірақ қажетті қаражаты мен уақыты жеткіліксіз адамдар қолдана алады. Оқыту формасы. Коммуникалды технологияны оқыту базасының негізгі артықшылығы: конкурссыз оқуға түсуі; оқудың екпіні мен уақытын өздігінен ұйымдастыруы; оқытудың бекітілген уақытының жоқтығы; үйде және кез келген жерде интернетке қосылған компьютерді қолдану мүмкіндігі; әлемдік ресурстарға, виртуалды кітапханаға және мәліметтер базасына қол жетімділігі. Жыл бойы қашықтықтан оқытуға оқушыларды қабылдау өткізіледі. Сонымен қатар, дербес оқытушы-куратордың арқасында оқу материалын сапалы түрде қабылдауға рұқсат етіп жатады, ал арнайы форумдарда басқа студенттермен кейбір тақырыптар мен ойларды бірге талқылауға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, бастапқы көзқарас бойынша оқушының бөлектенгендігі осы оқу формасында өзекті еместігі дәлел… Оқу құны. Қашықтықтан білім берудің әйгілігі, технологияның дамуымен қатар күндізгі оқу құнының өсуімен байланысты. Интернет оқытудың білім құны әлде қайда төмен, сонымен қатар, ол мамандыққа, оқыту бағдарламалар формасына және оқыту мекемелер түрлеріне тәуелді түрлендіріліп жатыр. Осыдан басқа, әр түрлі білім алатын гранттар мен стипендиялық бағдарламалар бар, олар тегін немесе жарым-жарты қаржыландыру бойынша қашықтықтан оқытуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
*Оқытушының да, студенттің де оқытудың уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі:
*Білімнің тиянақтылығы;
*Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше болуы:
*Білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы;
*Уақыт пен қаржының үнемділігі;
*Ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және оқытушылармен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі).
Сонымен қатар, бұл жағдайда басқа да шет елдеріне ұшақпен жету, яғни сонда өмір сүруге, көректенуге, дәрігерлік сақтандыруға шығындардың жоқтығы. Психологиялық кедергілер. Қашықтықтан оқыту формасы психологиялық кедергілерді айнылып кетуге көмектеседі, олар адамның коммуникативтік ерекшеліктерімен байланысты сондай-ақ қыстаналдық көпшілік арасында шығып сөйлеу және тағы басқалар. Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар (тіпті өте жиі емес) компьютермен кез-келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жұмыс істейтін немесе үй шаруасымен айналысатын студенттер үшін өте маңызды, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз үйінен шықпайтын адамдарға білім алуға мүмкіндік береді.
Студенттің оқу барысында үнемі оқытушымен кеңесуіне мүмкіндік береді.ҚО-да оқу-әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын табу және алу мәселесі жойылды. Білім алушы оқуға қабылдағаннан бастап қажетті оқу материалдарының жиынтығына қол жеткізе алады.