Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Баскараева Бибатпа Найзабековна
Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жер шарының басым бөлігінде кеңінен қолдануда.Бәрімізге белгілі бүгінгі елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты елімізде барлық орта білім ұйымдары ,жоғарғы оқу орындары және қосымша білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшкені белгілі.
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты IV тоқсанның сабағы қашықтықтан оқылатын болды.Сонымен қатар ата-аналарымыздың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертті.Көптеген ірі платформалар өз қызметтерін тегін ұсынып жатыр. Сонымен қатар ,мемлекет тарапынан жұмысы уақытша жабылған азаматтарға ,көп балалы отбасыларға қолдау көрсетілуде.Ел жанашырлары да мұқтаж жандарға қол ұшын беруде.Бұл игі істер болашақ ұрпаққа үлгі боларлық іс-әрекеттер деп ойлаймын.Қашықтықтан оқыту жүйесі мұғалімнің кез-келген жағдайда ,білім бере алатынын дәлелдей алды деп айта аламын.Қашықтықтан оқытудың тиімділігі ,уақыт үнемдеу ,ақпараттық комуникациялық –технологияларды қолдану.Ұстаз деген әр уақытта оқушының ішкі жан –дүниесінің сырын ашып ,оның сабаққа деген ынтасының дамуына жағдай жасап отырады.Әрбір ұстаздың бойында құбылмалы қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуда өзінің тәсілін жұмысында қолданып ,қиын жағдайда шешімін тауып шыға білуі керек.Ата-анамен мұғалім және білім алушы балапандарымызбен үздіксіз ,сағат сайын байланыста болуымыз керек деп ойлаймын.Ұйымшылдықпен жұмыс жасасақ ,қашықтықтан оқығанымызбен балаларымыздың білім алуына оң нәтиже береміз деп ойлаймын.Мектеп ұстаздары оқушыларға түрлі жолдармен ,кері байланысты жасай отырып ,білім нәрімен барын салып сусындатуда.Биылғы оқу жылы мәңгі есте қалатыны сөзсіз.Бұл уақытта қиыншылықтанда аман-есен өтіп шәкірттерімізбен қауышамыз деген сенімімді білдіремін.
Әріптестерімнің отбастарына денсаулық,
шығармашылық табыс, сабыр тілеймін.
Халқымыз аман ,еліміз тыныш болсын!
Біз біргеміз!