Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Кылышмаганбетова Маржан Нурадиновна
Коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, оқушылар көктемгі демалысқа ерте босатылды. Сәйкесінше, олар төртінші тоқсанды 6 сәуірден, қашықтықтан оқыту форматында басталды. Оған мұғалімдер тыңғылықты дайындалды. Білім және ғылым министрлігінің мамандары орта білім беруді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда жобалық кеңсе құру арқылы әлем елдерінің тәжірибесін қолданып көрмек.
Жалпы, бұған дейінгі оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысып, қашықтықтан білім беретін «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік» интернет ресурстарындағы курстарға қатысып жүргені белгілі еді. Алдағы уақытта да әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер цифрлық білімін арттыру мақсатында аталған ресурстармен жұмысын жалғастырады. Қашықтан жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстары, электронды оқулықтар, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Сабақтар теледидарда өтеді.Қағидасы басқа онлайн сабақтар төртінші тоқсан басталысымен «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн өткізіледі. Онда бейнесабақтар кестеге сай көрсетіледі. Сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары: -Заман талабына сай ақпараттық технологиялар мен құралдарды қолдану болып табылады.
-Сапалы білім беру
-Уақыт үнемдеу
-Ыңғайлы уақытта оқу
-Қандайда бір шектеулер жоқ
Қорыта келгенде әрбәр мұғалімнің кәсіби деңгейін көтереді.Оқушыларды өз бетімен берілген тапсырманы орындауға мүмкіндік туғызады. Құрметті оқушылар ел ертеңі сендерсіңдер.Шәкірттер қиялдарың ұшқыр болып,қанаттарың талмасын.Жаңа оқу жылы толағай табыстарға,жаңалықтарға толы болатынына сенеміз,үміттенеміз.
Келешегің кемел,болашағың нұрлы болсын.Алда талай белестерді бағындыратындарыңызға сенемін.Біз біргеміз!Біз үйдеміз!