«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте»- демекші қазірде технологияның ғарыштап дамыған заманда болашақ ұрпақ қалай, қай жерде білім алам десе толық құқығы бар,барлық мүмкіндіктер жаратылған.Әлеуметтік желіні ашып қалсаң мен мұндалап тұрған ағылшын,орыс,француз,қытай тілдерінің курстарынан көз сүрінеді. Дегенмен мектеп қабырғасында алған білімге жететіні жоқ. Мектеп реформасында үштілділікті оқыту басты тапсырма, ол үшін мектептерде ұстаздарды арнайы ағылшын курстарын оқып,үйреніп білімдерін шыңдауда. Қазіргі таңда жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқушылар үш тілде оқып, күнделікті сабақтарында шет тілдерді меңгеріп келеді. Осы орайда бағдарламаға сай мектептерде өткізілетін апталықтардың маңызы зор. Жақында ақпан айында ұйымдастырған шет тілдер апталығының мақсаты да осыған орай, оқушыларды шет тілдерге деген қызығушылығын арттырып,танымдық көз қарастарын дамыту шет тілдерді еркін сөйлеуге үйрету. Ертеңгі күні сырт мемлекеттерге білім алуға барғанда мектеп қабырғасында алған білімдерін пайдаланып, ортаға үйреніп еркін сөйлеп,ойын еркін жеткізуге үлкен ықпалын тигізеді.. Шет тілдерін оқыту негізінен бастауыш сыныптардан басталады. Қарапайым заттарды ағылшын және орыс тілдерінде емін-еркін айтатын оқушының жоғары сыныпқа барғанда қиналмайтыны анық.
Апталықты бастауыш сыныптар арасында Ж.Жақсылыкованың «Мистер и Мисс Каллиграфия»деп аталған сабақ өтті. Бұл сабақта оқушылардың орыс тілінде жазу қабілетін сауатты, грамматикалық қатесіз,нақты жазу бойынша өз-ара сынға түсті.. Бүлдіршінде барынша орыс тілінде таза сауатты жазуға тырысты. 8 сынып оқушылары арасында өткен «Знатоки руского языка» тақырыбындағы сайыста оқушылар орыс тілінде қойылым ұйымдастырып оқушыларды арасында орыс және ағылшын елдеріне саяхат жасатып шығармашылық жұмыс жасады. Осы екі елдің ең көрнекі деген жерлерінің макеттерін жасау арқылы өздерінің тапқырлығымен шапшаңдығын өз қолдарынан шыққан туындыларды корсетіп, сол елдің көркемдігімен, әсемдігін көз алдына қалай елестетенінін ағылшын және орыс тілдерінде баяндап берді. Оқушылар сайысқа қызыға қатысып өз білімдерін шыңдай түсті.
Бастауыш сыныптар арасында ертегілер еліне саяхат жасап «Теремок»,және «Волк и семеро козлят»ертегілеріне бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп қойылым көрсетіп шара қатсушыларын тәнті етті. Келесі ашық сабақта қазақтың дана ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» тақырыбында кеңейтілген әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Қазақтың данасы атанған Абайы ролін 7 сынып оқушысы Садық Арман аса шеберлікпен сомдап, өзінің төрт мезгілге арнаған өлеңін ағылшын және орыс тілдерінде айтып кеш қатсушыларын тәнті етті. Ақын жастайынан көп тіл үйренуге талпынған және сол тілдерді меңгере білген. Абай атамыз қазақ тілімен қоса парсы,орыс,араб тілдерін меңгере білген.Орыс жазушылардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған мықты аудармашы да бола білген. Апталықтың қорытынды кешіне белсене қатысқан оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Кашкенова Ботакөз
Үстірт орта Бейнеу ауданы
Маңғыстау облысы
ағылшын тілі пәні мұғалімі