Home » Мақалалар » Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту

Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Надирбаева Алиса Смаиловна 

       Әлем мемлекеттерінде коронавирус індетінің таралуына байланысты,біздің елімізде де төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан болатын. Осыған байланысты мектептер өз жұмысын тоқтатып, төртінші тоқсанның сабақтарын қашықтықтан оқытуға бастап кетті.Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың төртінші аптасы жүгізілуде.

Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді,өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді.Яғни, қашықтықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызып отыр.Бәрімізге белгілі қашықтықтан оқытуда ұйымдастырудың үш формасы бар: онлаин ,офлаин және кең таралған түрі-вебинар.

Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Bilmland»,  «Imektep», «Daryn online»,   «You tube» желілерінің базасында ресурстық материалдардар қол жетімді және сабаққа керекті басқада мәліметтерді алуға болады.

Білім және ғылым министірінің қызу іске кірісуі арқасында қашықтықтан оқытуды «Балапан» және «Ел арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына арнап онлаин сабақтар аптада  бес күн бойы өткізіліп жатыр.

Қашықтықтан оқыту- бұл мұғалімнің біліктілігін арттырады,оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады Бұл жүйеде мұғалім оқушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Яғни, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту-ата-аналардың орасан еңбектерін көрсетіп жатыр. Олар балаға сабақты ұғуына барынша көмектесіп,тырысып бағуда.Ата-анамен мұғалімнің арасындағы байланыс жақындай түсті, жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертті.

Қашықтықтан оқыту барысында бірігіп, ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстардың  оң нәтиже беруі де білікті ұстаздарымыздың үлесі екені сөзсіз..Олай болса, Абай атамыздың  «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» -деген даналық сөздерін ұстана отырып, сабағымыздың сапасын түсірмей ,ертеңгі ел болашағы оқушыларымыздың білімін арттырамыз деген сенімдемін.Індеттен аман болу үшің үйде болайық. БІЗ БІРГЕМІЗ!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.