Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Берниязова Айзада Серикбаевна
Коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, оқушылар қашықтықтан оқуына тура келді.
«Біз оқушыларды қашықтықтан қалай оқытамыз?», «Қашықтықтан оқытуға дайынбыз ба?», «Оқушылардың әлеуметтік жағдайы жете ме?» деген үрейлі сұрақтар көкірегімізде қайталана берді.
Еліміздің болашағы –ұстаз қолында. Сондықтан,бұл жерде бізге,яғни, ұстаз қауымына үлкен міндет пен жауапкершілікті талап етті.
Қазақ халқында «Көз – қорқақ, қол-батыр» демекші, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының бұйрығы негізінде 3-сәуір күні сынама сабақты өтіп шықтым. Бұл сынама сабақта оқушыларға да,ұстазға да тиімді электронды платформа таңдауымызға жол сілтеді. Бастапқы кезде мұғалім тарапынан да,оқушылар тарапынан да ата-аналар тарапынан да қиындықтар болды. Атап айтсақ, интернет жылдамдығының аздығы, бір үйде бірнеше баланың бір смартфонда тапсырмаларды орындау, әрине, қиындық туғызды. Мектеп басшысы Титанов Қайрат Үсенұлы WhatsApp желісінде мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен,сынып жетекшілермен ақылдаса келе, Асхат Қанатұлының бұйрығын басшылыққа ала отырып, кедергілер мен қиындықтардың шешу жолдарын қарастырды. Мұғалімдеріміздің қол үшін беру арқылы бір оқушыға смартфон сыйласа,сонымен қатар ұстаздарымыз бен оқушыларымызға мектептегі ноутбук, компьютерлерді уақытша пайдалануға берілді. Мектебіміз қайырымдылық қорын ұйымдастырып, желіге кіруге мүмкіншілігі жоқ оқушыларға көмектесті. Осылай кедергілерден біртіндеп шыға бастадық.
Сабақ басталмай тұрып инстаграм желісіндегі тікелей эфир арқылы, «Қашықтықтан қалай сабақ өтіледі? тақырыбында ата-аналар жиналысын өткіздім. Жиналысты қорытындылай келе, ата-аналар қашықтықтан оқытуға WhatsApp желісінің өте оңай және тиімді екенін айтты.
6-сәуір күні оқу процесі басталды. Сабақтар төртінші тоқсан басталысымен «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн өткізіледі. Онда бейнесабақтар кестеге сай көрсетіледі. Ал сабақтарды көріп болғаннан соң, жаңа тақырып бойынша бекіту тапсырмаларын орындай алады. Мектебіміз оқыту платформаларының ішінен бірауыздан WhatsApp желісін таңдадық. Күнделікті сабақ жоспарын жазуда, тапсырмалар беруде,барлық мүмкіндікті пайдалану арқылы (бейнекөріністер) қайтсем оқушыларымды білім нәрімен сусындатамын? деген алға қойған мақсат болды.Бұл жерде мұғалім психолог ретінде әрбір оқушының жүрегінен жол тауып, әдіс-тәсілдерімен жаңа сабақ мазмұнын игертуді жұмыстана бастадым. Мектеп оқушыларының қашықтықтан білім алып жүргеніне төртінші аптасына аяқ басты. Оқушылар кері байланысты өте жақсы деңгейде тапсырып жатыр.
Күнделікті сабақта смартфонның арғы бетіндегі оқушыны өзіме жақын тартып , шәкіртке деген мейірімді төгуге асығамын. Бірде сабақ барысында мінезі тұйықтау оқушым,қашықтықтан оқыту барысында зейінін ашыла бастағанын байқадым. Бұл мынандай төтенше жағдайда шәкірттерімізді ары қарай шығармашылық жұмысқа жетелеуде құлшынысының оянғанын көргендеймін. Қашықтықтан оқытуға оқушылар өте жақсы дағдыланды.
Елімізге төнген ауыр індетке қарамай,заманның көшіне ілесу- жаңалықты тез қабылдап, қоғамның бір мүшесіне айналған ұстаздар қауымының қадірін ата-аналар да түсінгендей. Себебі, әлеуметтік желілерде таралып жатырған бейнекөріністер солардың дәлелі.
Қазақстаннның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына қашықтықтан оқытудың да ықтималдылығы үлкен әсер етеді. Бұл көшті мұғалімдер қауымы қолдап, әр түрлі технологияда өз шеберліктерін салып, балаға тиімді жолын көрсетуде бар күшін аянбай салып жатыр. Мұғалім тек өз пәнін терең біліп қоймай, жан-жақты, заманауи техниканы жетік меңгерген, сауатты болуы шарт. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Ойымды қорыта келе,еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, халқымыз жаман індеттен аман-есен құтылып,шәкірттерімізді жылы шыраймен қауыштыруға жазсыншы деп тілеймін.